Жапон әйелі 34 жасында зейнетке шықты - на weekend.bugin.kz
Orash - на weekend.bugin.kz Orash

18 жасынан бастап үнемшілдікпен өмір сүрген

Жапонияның Токио қаласында соңғы 16 жыл ішінде күніне 153 иеннен (2 АҚШ доллары) аспайтын ақшамен күнелткен әйел өзінің 35 жасқа толғанға дейін зейнетке шығу туралы арманына жетті, деп хабарлайды "AsiaNews" хабар агенттігі.

34 жастағы Сяо 18 жасында алдына қойған мақсатына жетті. 27 жасында-ақ зейнетақы жинағына көп қаржы жинап, жапон телеарналарында "жұлдызға" айналған болатын. 

Жас зейнеткер күнде арзан тамақ жеп, жеңілдікпен сатылатын заттарды ғана алып, қомақты қаржы үнемдеген.

Таңғы асқа ол аздап маймен бір кесек нан, түскі ас кезінде лосось пен күрішті, кешкі асқа ол жеңілдікпен сатып алынған көкөністермен бірге кеспе дайындап жеп жүрген. Ол кастрюльден тамақ ішу арқылы суды үнемдеген.

Ол 16 жыл ішінде ешқашан жаңа киім сатып алмағанын айтады, тек қолмен тігіп киген және жиһаздарға бір тиын жұмсамаған, оларды ауладан жинап алған.

Осындай ауыр өмір Сяоға 27 жасында 10 миллион иен (95000 АҚШ доллары) ақша үнемдеп бірінші пәтерді сатып алуға мүмкіндік берді. Бір үйді қанағат тұтпай ол екінші үйін 18 миллион иенға (170 000 АҚШ доллары) сатып алады.

Ол 34 жасында зейнетке шығуға шешім қабылдаған кезінде 27 миллион иенге (255 000 АҚШ доллары) үшінші пәтерді сатып алды. Қазір Сяо жалдау ақысынан ай сайын 300000 иен (2850 АҚШ доллары) көлемінде кіріс табады екен.

Оның философиясы: «Өз энергияңыз бен ақшаңызды өзіңіз жақсы көретін нәрсеге үнемдеңіз; сонда ғана адам өз өміріне жауап береді деп айтуға болады ».


0 Пікір Кіру