Бақытым осы боп тұр қос қолдағы - на weekend.bugin.kz
Жылқыбайұлы Жауынбай  - на weekend.bugin.kz Жылқыбайұлы Жауынбай

Өлең

Елімнен шықты талай тектілерім,

Қыран боп қанатыммен көкті ілемін!

Қайран менің қан жұтқан бабаларым,

"Қазағым ел болсыншы",- деп тіледің.


Шындыққа жақсы халқым тік қараса,

Ерім елді қауіптен құтқарды аса.

Абылай хан үш жүзді жиған кезде, 

Ұлы ел болар едік ұлт қаласа...


Өр елім баспасыншы шалыс қадам, 

Жүйріктерін қыраннан қалыспаған. 

Орыстарда 70 жыл құл болғанда,

ОРЫСҚҰЛдар көрінсе намыстанам...


Тұран дала көк түрік басып өткен,

Қан жылама қазағым қасіреттен.

Азаттықты аламын деп жүрген кезде, 

Махамбеттің домалап басы кеткен.


Отан үшін от кешкен от құлындар,

Қазағым сенің биік шоқтығың бар.

Деп кеше кеңес елі бұйрық еткен,

Арыстандай арыстарды жоқ қылыңдар!!


Талабы тасты жарып тау құлатқан,

Қазағым қол үзбесін мол мұраттан.

Кешегі қанды оқиға сексен алты,

Мынау менің халқымды зар жылатқан.


Бұл күнде қазағымның асқан бағы, 

Буынсыз тіл ешкімнен жасқанбады. 

Тәуелсіз болған мынау алтын елдің,

Таймасын деп тілейік бастан бағы.

Қайраттар қайраттарын көрсеткенде,

Жастардың  жанарыннан жас парлады.

Ұлтсыздандыру саясатын жүргізем деп,

Кеңес елі осылай жоспарлады.

Желпінген жастар қолға ақ ту алып,

Ашылды жаңа жолдың баспалдағы.

Бұдан басқа  арманым болушы ме еді? 

Бақытым осы боп тұр қос қолдағы.

Жауынбай Жылқыбайұлы 

0 Пікір Кіру