Әйелін аяусыз соққыға жыққан Алматыдағы белгілі әртіс қамауға алынды - на weekend.bugin.kz
Bugin.kz - на weekend.bugin.kz Bugin.kz

Әртістің үстінен қылмыстық іс қозғалды

Алматы полициясы әйелін соққыға жыққан гитарашы Бауыржан Ашығалиевті уақытша ұстау изоляторына қамауға алды.

Алматы полиция департаменті Б.Ашығалиевті ҚР ҚК-нің 128-бабы бойынша уақытша ұстау изоляторына қамады. Таяу арада оның ісі сотқа жіберіледі. Тергеу кезінде ол қамауда болады.

Еске салайық, Б.Ашығалиевтің үстінен ҚР ҚК 126-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. «Jackpot» тобының әншісі Ксения Ашығалиева мен оның күйеуі, гитарист Бауыржан Ашығалиевтің арасындағы отбасылық дау-жанжал көпшіліктің назарына іліккен еді. Әнші өзінің басынан өткен жайтты әлеуметтік желі арқылы жариялады. Оның айтуынша, күйеуі оны жертөлеге апарып, ұрып-соққан.

inform.kz

0 Пікір Кіру