Жасыл желек жердің көркі  - на weekend.bugin.kz
Ернар Нұртайұлы - на weekend.bugin.kz Ернар Нұртайұлы

Ағаш жапырағымен көрікті

Далаға шыға қалсақ, күннің ыстығынан қашып, ағаш көлеңкесін паналайтын әдетіміз ғой. Түсте тірлікпен қала орталығында жүр едім күннің ыстық махаббатынан қашып, көлеңке іздеп ағаш көлеңкесіне барып тұрдым. Көпті көрген киіз терек өзі шөлден дел-сал халде тұрса да мені көлеңкесінен көлегейлеген жоқ. Көлеңкеге келіп көңілі жайланған ойым өткен жылға жүгіріп кеттіп, тарихты парақтай бастады. Өз-өзіне күбірлеп: "Былтыр Алматыда жаз жаңбырлы болған секілді еді. Бірақ сол жаңбырлы жазда да қаланың жасыл желегіне жауапты мекемелер тыным таппай қызмет етіп, қала көшелерін жаңбырдың көбігінен шайқап жүрді ғой. Ол кезде Алматы жап-жасыл еді. Биыл қаламыз сарғайып бара жатқан секілді. Әлде биыл жауаптылар қаламыздың жасыл желегі Қайрат футбол командасының формасы секілді сары түске енгенін жоспарлап жүр ме екен?!" деп қояды. Жарайды әкім ауысты делік. Бірақ ол жасыл қаланы сарғайтуға себеп емес қой?! Қала саябақтарын, қала көшелерінің шетіндегі жасыл желекті көріңізші шөлден қурап кеткен. Тіпті жыл бойы жасыл кілем жамылатын шыршалар да қурай бастаған. "Суды үнемдеп жатқан шығар?" деп  ойлайын десем, бір Алматыда үлкен-кіші екі өзен және Сайран көліміз бар. Солардың суымен суарылса, ағаштар: "Фильтірден өткізіп кел" демейді ғой. 

Егер мұндай құрғақшылық жалғаса берсе: 

1) Алматы әсемдігінен айырылады; 

2) Құрғаған ағаш сәл жел тұрса, сынғыш келеді; 

3) Қаланы шаң басып кетеді; 

4) Ауа ластанады; 

5) Құрғап қалған ағаштарды алып орнына басқа ағаш егу керек болады. Жаңа егілген көшет өзіне дейінгі ағаштай деңгейге жеткенше уақыт кетеді; 

6) Өртке қауіп артады т.б.. Шынын айтайын қала көшелерінде ағаш саурып жүрген жауаптылары биыл соңғы рет қашан көргенімді есіме түсіре алмай қойдым. Жауаптылар осы мәселені қолға алса екен. Алладан және адамдардан ұялатын істерді айтып жүрміз ғой. Енді ағаштардың алдында адам ретінде абыройдан айырылмайықшы! 

0 Пікір Кіру