11 шілде кинопремьералары - на weekend.bugin.kz
patick - на weekend.bugin.kz patick

Бұл уикенд Джим Джармуш пен Люк Бессонның арасындағы бәсекемен ерекшеленеді. Екі танымал режиссердің фильмдері қатар шығып отыр


«Өліктер өлмейді» Мертвые не умирают» / «The Dead Don't Die») [18+]: Американың тәуелсіз режиссері Джим Джармуштың зомби-картинасы. Фильм алғаш рет биылғы Канн кинофестивалінде көрсетілді.

Фильмде зомбилардың шабуылына ұшыраған шағын қаланың тұрғындары туралы айтылады. Үш полицей адамдарды құтқару үшін басын қатерге тігеді.

Басты рөлдерде Адам Драйвер, Билл Мюррей, Хлоя Севиньи, Тильда Суинтон, Стив Бушеми, Селена Гомес секілді танымал актерлер о йнайды.

«Анна» («Anna») [18+]: француз режиссері Люк Бессонның шпиондық боевигі. Бұл фильм осы режиссердің 1990 жылғы «Никита» картинасының ремейкі.

Сюжетте Анна есімді орыстың моделі туралы баяндалады. Ол құпия қызмет қатарына тартылып, шпионға айналады.

Басты рөлде Саша Лусс есімді жас актриса ойнайды. Сондай-ақ Хелен Миррен, Люк Эванс, Киллиан Мёрфи, Александр Петров секілді белгілі кино жұлдыздары бар.

«Стубер» («Али, рули!» / «Stuber») [18+]: «Галактика сақшыларында» Дракс рөлімен белгілі Дэйв Батиста және белгілі комик Кумэйл Нанджиани ойнаған экшн-комедия.

Стю есімді қарапайым Uber жүргізушісі бір жолаушыны отырғызып, басы бәлеге қалады. Әлгі адам қанышердің соңына түскен полиция қызметкері болып шығады.

«Аноним киллерлер» («Клуб анонимных киллеров» / «Killers Anonymous») [18+]: «Оскарлы» Гари Олдманның қатысуымен түсірілген қылмыстық триллер.

Сюжетте астыртын клуб құрған кісі өлтірушілер туралы айтылады. Қанға толы жұмыстан шаршаған киллерлер бұл жерде бас қосып, ұстамды, байсалды болуды үйренеді. Бір күні АҚШ сенаторы өліп, осыдан кейін клубқа жаңа мүше қосылады. Жаңа адамның кесірінен клубта алауыздық пайда болып, бір-біріне қарсы шығады.

Сонымен қатар «Красавчик со стажем» («Just a Gigolo») деген француз комедиясы мен «Присягнувшая тьме» («The Convent») атты британ хорроры прокатқа шықты.


0 Пікір Кіру