Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады? - на weekend.bugin.kz
Bugin.kz - на weekend.bugin.kz Bugin.kz

Қазақстанда аптап ыстық басталды

Қазгидромет синоптиктері 11-13 шілдеге болжам жасады.

"Шілде айының ортасы - жаздың ең қызған шағы. Алдағы үш тәулікте ауа райы қапырық ыстық және жауын-шашынсыз болады", - деп хабарлайды метеоқызмет өкілдері.

Күндіз сынап бағанасы плюс 30-38 градусқа дейін, кей жерде плюс 40-43 градусқа дейін көтеріліп, орташа көпжылдық мәннен жоғары болады.

Ал батыста өткінші жаңбыр жаууы мүмкін, бірақ республиканың басқа өңірлерінде аптап ыстық болады.

11 шілдеде Нұр-Сұлтанда түнде ауа температурасы 18 градус нөлден жоғары болса, күндіз 29 градус аптап ыстық болады. Алматыда түнде 21 градус ыстық болса, күндіз 31 градусқа дейін жоғарылайды. Шымкентте түнде +26 градус, күндіз +39 градус аптап ыстық болады.

12 шілдеде елордада түнде ауа температурасы плюс 22 градус болса, күндіз 30 градусқа дейін ысиды. Оңтүстік астанада түнде 22 градус, күндіз 34 градус аптап ыстық болады. Шымкентте түнде +28 градус, күндіз +40 градусқа жетеді.

13 шілдеде Нұр-Сұлтанда түнде 20 градус, күндіз 29 градус ыстық болады. Алматыда түнде 24 градус нөлден жоғары, күндіз 33 градус ыстық болады. Шымкентте түнде – плюс 29 градус, күндіз – плюс 39 градус.

0 Пікір Кіру