Елордадағы зәулім тұрғын үйдің неден өртенгені белгілі болды - на weekend.bugin.kz
Bugin.kz - на weekend.bugin.kz Bugin.kz

Ұлыбритания кварталы

Елордадағы зәулім тұрғын үйдің неден өртенгені белгілі болды. 

ІІМ ТЖК-нің ақпараты бойынша, өрттің себебі - жұмыстар атқару кезінде өрт қауіпсіздігі ережесінің бұзылуы ("BI Servis" ЖШС қызметкерлері шатырда жөндеу жұмыстарын істеген). 

Кеше Нұр-Сұлтанда зәулім "Ұлыбритания кварталы" тұрғын үй кешені өртенгені хабарланған еді. Сағат 19:46-да бірінші өрт сөндірушілер келген уақытта үйдің шатыры өртеніп жатқан, жалын шарпыған аумақ шамамен 100 шаршы метр болған. 

Өрт түнгі 23:02-де сөндірілген. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Тұрғын үйдің шатыры мен төрт пәтері өртеніп, аумағы 600 шаршы метр болған.

tengrinews.kz

0 Пікір Кіру