Еш жеңілмеген батыр - на weekend.bugin.kz
Гүлмира - на weekend.bugin.kz Гүлмира

Батыр

Қазақ тариxына көз жүгіртер болсақ, батырларымыз көп болғанын байқаймыз.Елімізге жау көзін тіккен кезде, қолға найза алып ұрысқа түсер ерлеріміз мәңгі жадымызда қалады. Солардың бірі де бірегейі өз өмірі бойында 103 шайқасқа қатысып, соның 103-де жеңіске жеткен Қаракерей Қабанбай батыр.Азан шақырып қойылған есімі- Ерасыл. Ол 1692 ж. қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданындағы Барлық тауында дүниеге келген.Қабанбай найман ішіндегі Қаракерей руынан болған. Жастайынан жаугершілік пен шапқыншылықтың зардабын көріп өскен Ерасыл бүкіл еліне, жұртына төнген зұлматтың қандай екенін, бойына сіңіріп, сезініп өскен қазақ ұлдарының бірі. Кейіннен батыр атанып, жоңғарлар үшін - үрей символы болып саналған. 1702 жылы Барлықтағы шайқас түбінде әкесі Қожағұл батыр жау қолына түсіп, сонда ауыр жарақаттан қайтыс болады. Бұл уақытта   Қабанбай небәрі 11 жаста еді. Алайда келесі жорықта ағасы Есенбайды жаулары қорлап өлтіреді. Бұған төзе алмаған Қабанбай ағасын өлтірген адамнан кек алмаққа бекінеді. Және де ол ісін жүзеге асырады, яғни ағасын өлтірген батырды тауып басын шауып тастайды.

1723 жылы Ақтабан шұбырынды Алқакөл сұлама, 1726 жылы Бұланты, 1730 жылдары Аңырақай шайқастарына қатысып , туған жерін жау қолынан азат етеді. Одан басқа да Шыңғыстау, Ертіс бойындағы шайқастарда болып, Абылай xанның сенімді серігіне айналады. Батырдың жасаған ерліктеріне тәнті болған xан 1741 жылы Қабанбай батырға «Дарабоз» атын береді. Орыс тарихшыларының жазбаларында да Қабанбай батыр айрықша аталып отырады. Орыс тарихшысы Кузнецовтің 1750 жылдардағы жазбаларында: «Қазақ қолының солтүстік шығыс бөлігін Қабанбай батыр бастап, оңтүстік шығыс бөлігін Абылай бастап жоңғарларды шығысқа қарай тықсырып барады…» деп жазса, тағы бір орыс тарихшысы Веляминов-Зернов 1752 жылдары Еділ қалмақтары Қытайға қоныс аудармақ болған кезде іргелес отырған Қарақалпақ елін өздерімен бірге зорлап көшіріп әкетпек, болғанда сол елді қалың қол бастап, құтқарып қалған адам қазақтың Қабанбай батыры екендігін жазған. Демек, батырда тек қазақ жұрты ғана таныған жоқ, өзге елдер мойындар ол туралы деректер қалдырды.

Қабанбай батыр өмірінің соңғы шақтарында ауыр науқастанып қалады. Өткені оның денесінде тілінбеген жері қалмаған еді. Батырдың науқастығын есіткен Қырғыз қарабегі кек алу мақсатында Қабанбай еліне жорыққа шығуға дайындалып жатады. Бірақта мұны естіген батыр бір алладан көмек сұрап, Қарабек батырдың жүрегіне найза қадап өлтіреді. Көп ұзамай Қабанбай батырдың өзі де қайтыс болады. Алдын ала өситет етіп кеткендей , батырды Сарыбелге жерлейді. Осылайша батыр шамамен 1770 жылы қайтыс болады.Тариxта көптеген батырларымыз болды. Ал, елі үшін қолына қару алар жастарымыз бар ма екен?! Қару алар жастарымыз табылғанымен, еш жеңілмес батырларымыз табыла қоймас...... Еш жеңілмеген батыр – Қабанбай батыр!

0 Пікір Кіру