Түрік фирмасы Ташкентте Орталық Азиядағы ең биік ғимаратты салмақшы - на weekend.bugin.kz
Orash - на weekend.bugin.kz Orash

215 метрлік құрылыстың құны шамамен 150 млн долларды құрайды

Түрік мердігері Озгуэн Архитектурасы Орталық Азиядағы ең биік 215 метр биіктіктегі ғимаратты  салмақшы, деп хабарлайды Anadolu Agency ақпарат агенттігі.

Ташкенттің 50 қабатты ғимараты 150 млн. долларға бағаланатын болады деп жоспарлануда. Бұл туралы Ташкенттегі баспасөз мәслихатында жобаның негізгі инвесторы Murad Buildings компаниясының басшысы Мурад Назаров мәлімдеді.

Назаров сондай-ақ, түрік фирмасы АҚШ, ЕО және Азия елдерінің 100-ден астаммердігер фирмасының ішінен таңдап алынғанынатап өтті. 

Озгуэн Сәулетінің негізін қалаушы Озгур Онур Озгувеннің айтуынша, биік ғимаратта профессорлар, инженерлер мен сарапшыларды қамтыған 500 адам жұмыс істейді.

«Көк тіреген ғимаратта бірегей архитектура және сирек кездесетін ерекшеліктер болады», - деп атап өтті ол.

Оның айтуынша, ғимаратқа барлығы 190 текше метр бетон және 25 мың тонна темір қолданылатын болады.

«Біз Өзбекстанның ең биік, ең үлкен және ең көрнекті ғимаратында жұмыс істейміз», - деді ол.

Ол сондай-ақ, қалыптар, крандар, бетон жабдықтары сияқты құрылыс нысандарының,  Түркиядан жеткізілетінін айтты.

0 Пікір Кіру