Жастарға әскери-патриоттық тәрбие - мемлекет өміршеңдігінің негізі - на weekend.bugin.kz
Жасулан - на weekend.bugin.kz Жасулан

«Жігер» әскери-патриоттық лагері

Жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру – мемлекеттің өміршеңдігіне әсер ететін негізгі рухани тірегі бола отырып, қоғамның дамуына, азаматтың адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына, жастардың әскери іске қызығушылығын арттыруға негіздейтін маңызды бағыттардың бірі болып табылады.

Елбасы Н. Назарбаевтың пікірінше: «Біздің алдымызда бабалардың игі дәстүрлерін сақтайтын, күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттары болатын ұрпақ тәрбиелеу міндеттері тұр».Қазіргіел өміріндегі бірқатар проблемаларды шешу көп жағдайда азаматтық қоғамның даму деңгейіне, жоғары патриоттық сананың қалыптасуына, өз еліне деген мақтаныш сезімге, Отанының мүдделерін қорғау жөніндегі азаматтық борышты орындауға дайындығын тәрбиелеуге байланысты.Жас өрендер бойында патриоттық сананы қалыптастыру тек қана жиын өткізумен шектеліп қалмауы тиіс. Бұл бағытта атқарылатын жұмыстар балабақша, мектеп қабырғасынан оқу-тәрбие процесінің ең өзектісі, ең маңыздысы болып белгіленуі қажет. 

Осы орайда,«Алматы» студенттер Альянсы» корпоративтік қорыныңұйымдастырумен "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының (НАО «ЦПГИ»)Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау бағыты бойынша"Жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу бойынша кешенді іс-шараларды өткізу"жобасы аясында«Жігер» әскери-патриоттық лагерінөткізу жоспарланып отыр.

Аталған шаражастармен жұмыс жасайтын әскери-патриоттық клубтардың, бірлестіктердің басшыларына, мамандарына әскери-патриоттық тәрбие жұмысын ұйымдастыру бойынша әдістемелік қолдау көрсету мақсатында2019 жыл – Жастар жылы аясында ұйымдастырылып отыр.

«Жігер» әскери-патриоттық лагеріАлматы қаласында 2019 жылдың тамыз айында 3 күн бойыөтеді. Лагерьге еліміздің14 облысы және Астана, Алматы, Шымкент қалаларынанарнайы іріктеліп алынған әскери-патриоттық клубтар мен бірлестіктердің мүшелері, белсенді жастар қатыса алады.

Жоба барысында жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу бойынша іс-шаралар кешені: Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан құрметті тұлғалармен кездесу, дөңгелек үстелдер, оқыту семинарлары, тренингтер, шеберлік сағаттар, пікірталас алаңдары, сонымен қатар арнайы әскери жаттығу мен тәжірибелік сабақтар жүргізілетін болады.

«Жігер» әскери-патриоттық лагері жобаға қатысушы жастарға диалогтық алаң құра отырып, тәжірбие алмасуына, актуалды мәселелердің шешімдерін бірлесе табуға, сонымен қатар, жас азаматтардыңәскери қызметін өтеуге қажетті қасиеттерін қалыптастыру мен жауынгерлік қабілеттілігін шыңдау мақсатында ұйымдастырылатын іс-шаралар олардың рухани және тұлға жағынан дамып, жетілуіне жүйелі әрі нысаналы түрде ықпал ететініне сенімдіміз.

Жас ұрпақты патриотизмге тәрбиелеу – бұл тұлғаның, елдің, оның мәдениетінің бірегейлігі, әлеуметтің, халықтың әлеуметтік психологиясының ерекшеліктері толымды көрініс табатын қоғамдық өмірді ұйымдастырудың мәні мен мақсаттарын пайымдау арқылы жүйелі дамуы. Патриотизм міндетті түрде тұлғаның жоғары әлеуметтік белсенділігін  көрсетеді, өйткені, оның өзі еңбекте табыстарға жету үшін, қоғамға, ел жұртқа, халыққа қызмет ету үшін биік серпін болып табылады.

0 Пікір Кіру