Шектеусіз өмір - на weekend.bugin.kz
Гүлмира - на weekend.bugin.kz Гүлмира

Ник Вуйчич

Адам не ойласа сол болады, жақсы дүние ойласаң, өмірің жақсы жаққа өзгереді деп есітіп жатамыз. Алайда көбіне оның мәнін түсіне бермейміз. Кез келген адам өзіне әртүрлі шектеулер қояды. Осылайша өмірін қиындатып алуда мүмкін. Негізі бізге берілген өмір шектеусіз емес пе?! 

Осы сұраққа бір ғана адамның өмірі арқылы жауап беруімізге болады. Ол әлемге танымал мотивациялық оратор, «Жизнь без конечностей» мүгедектерге көмек беретін орталықтың директоры Ник Вуйчич. Ник екі қол екі аяқсыз дүниеге келген жан. Алайда ешқандай қиыншылыққа қарамай, тағдыр сынақтарынан сүрінбей өтіп қоғамда тұлға ретінде қалыптасты. Және осы бастамасын өзгелерге де үйрету үшін «Жизнь без границ» кітабын жарыққа шығарды. Бұл кітап қазірде әлемдік бестселлерге айналған. Қазірде Ник отбасы құрған, оның  төрт баласы бар. Ол  әлемнің 57 мемлекетінде болып, 13 президентпен кездесіп үлгерген. Әр жыл сайын 250-ге жуық жобаларға қатысып, өзінің тәжірибесімен бөліседі. Оған қоса Ник меценат адам, яғни ерікті түрде  және өтеусіз негізде ғылым мен өнердің дамуына жәрдемдесетін, жеке қаражаттарынан материалдық көмек көрсететін жан. Анда-санда әнде айтып тұрады екен. Жалпы әлемде Ник Вуйчичті білмейтін адам кем де кем.

Қорытындылай келе, адамға өмір шектеусіз беріледі. Оны тудыратын да, қолдан жасап алатында, ол – адам және  –  адамның ойы.  Әрқашанда ойымызды дұрыс жолға бағыттайық, сонда ғана біз бақытқа жете аламыз.

0 Пікір Кіру