108 мемлекет қолданатын Rainbow шаңсорғышын Қазақстанда қалай сатып алуға болады?  - на weekend.bugin.kz
Қаракөз Амантай - на weekend.bugin.kz Қаракөз Амантай

Қазір Алматыда үш отбасының біреуі аллергиямен ауырады. Бұл көрстекіш жыл сайын 10-20 пайызға артып отыр. Сонымен қатар, аяғы ауыр және жаңа туылған сәбилерде қышқыл жетіспегендіктен, астмамен ауыратын нәрестелер өмірге келіп жатыр. Ал енді осы шаң мәселесіне келіп тірелетін бұл мәселені – су сүзгісі бар Rainbow шаңсорғышы арқылы шешуге болады

Бүгінде нарықта әртүрлі, соның ішінде классикалық, тік, автомобиль сынды тұрмыстық шаңсорғыштар кездеседі. Дегенмен, шын мәнінде, олардың бір-бірінен айтарлықтай айырмашылығы жоқ. Барлығының тазалау жүйесінде ұқсастық бар. Қазіргі таңда сырттағы лас ауа адамның денсаулағына зиян келтірмейтін, сапалы шаңсорғышты талап етеді. Кез келген адам өмір жасының ұзақ, денсаулығының мықты болғанын қалайды. Иә, ол үшін айналамызға, өзімізге мән беріп, дұрыс тамақтанып, таза ауамен тыныс алғанымыз жөн. Бұлардың ішінде өміріміз үшін маңыздысы таза ауа. Ал үйдегі ауаның таза болуы үшін не істей аламыз?

Адам баласы тәулігіне 14000 литр ауа жұтады. Қазіргі уақытта қаламыздың экологиясы нашар екені барлығымызға белгілі. Сырттағы ауаның қандай да бір бөлігі күн сәулесінің әсерінен тазаланып тұрар... Ал үйіміздің ауасы ше? Үй ішіне кірген шаң-тозаң ауада ұшқан бойы қалады. Сол себепті үй ішіндегі шаң сыртқа қарағанда 20 есе лас болады. Ал үй ішіндегі ауаны қалай тазалауға болады? Уайымдамаңыз, себебі мұның да оңтайлы шешімі бар.

Осыған дейін Rainbow шаңсорғышы туралы естідіңіз бе?

Rainbow шаңсорғышының бір ғасырға жуық тарихы бар. Бұл осыдан бірнеше жыл бұрын қалыптасқан бренд. Дүниежүзінің осыдан 10 жыл бұрынғы басты проблемасы жүрек пен түберкүлез болса, қазіргі таңдағы басты проблема аллергия болып тұр.

Қазір Алматыда үш отбасының біреуі аллергиямен ауырады. Бұл көрстекіш жыл сайын 10-20 пайызға артып отыр. Сонымен қатар, аяғы ауыр және жаңа туылған сәбилерде қышқыл жетіспегендіктен, астмамен ауыратын нәрестелер өмірге келіп жатыр. Ал енді осы шаң мәселесіне келіп тірелетін бұл мәселені – су сүзгісі бар Rainbow шаңсорғышы арқылы шешуге болады. Мұндай шаңсорғыштың басты ерекшелігіне – аквасүзгі  арқылы суды тазарту жүйесі мен сеператорлы жүйе жатады. 

Бізге мұндай үлкен айналым не үшін қажет? 

Су үстінде сеператор 34 000 жылдамдықпен айналған уақытта бөшкеде он мыңдаған фильтрдің қызметін атқаратын майда су тамшылары пайда болады. Ортадан тепкіш күш арқылы су құйыны пайда болып, ішке кірген бүкіл шаңдарды сумен араластырып, сүзгіден өтіп, тек таза ауа сеператоры арқылы сыртқа шығады. Ал сумен араласып лайланған шаң қайта көтеріле алмайды. Осылайша үйіміздің ауасын толықтай тазарта аламыз. Сонымен қатар, шаңсорғыштың тағы бір артықшылығы сеператорлы жүйе болғандықтан, оның шаңды жұту күші еш өзгермейді. Қазіргі жылдамдығы қалай күшті болса, 10 жылдан кейін де сондай күште болады. Өйткені, бұл жерде бітеліп қалатын сүзгілер жоқ, шаңның бәрі сеператордың көмегімен суға жиналады.

Осыған байланысты Rainbow шаңсорғышын елімізде сатумен айналысатын  «Green Light Distribution» компаниясының директоры әрі маман Сәкен Серікұлымен сұқбаттасуды жөн көрдік.

Неге Rainbow шаңсорғышын қолдану керек? 

Негізі біздің шаңсорғыштар жарнамаға мұқтаж емес. Дегенмен, заман талабы бұл жарнаманы талап етіп отыр.

Мысалы, біз дүкенге барып, диролға қарап тұрып орбитті сұраймыз. Ал машина дегенде ойымызға бірден тойота, мерседес сынды машиналар түседі. Ал Rainbow дүниежүзіндегі №1 шаңсорғыш болып есептеледі. Сол себепті тауарымызды көпшілікке ұялмай ұсына аламыз. Мысалы, көп компаниялардың шаңсорғышқа беретін кепілдігі 1-3 жыл, Ал Rainbow-да сегіз жылды құрайды. Бұл жердегі 8 жыл кепілдік пластамассаға емес моторына беріледі.

Rainbow-да директор қызметінде отырғаныма 6 жыл болды. 2006 жылдан бері осы компанияда жұмыс істеп келемін. 2007 жылдан бері қолданып жүрген шаңсорғыштың моторын әлі өзгертекен жоқпыз. Тіпті, Rainbow-дың мотор бағасын да білмейміз. Нарықта бәсекелестер бар. Дегенмен оларды бәсекеге қабілетті деп айта алмаймын.

Сатып алуға келетін болсақ, тұтынушы мұны арнайы бөліп төлеу жүйесімен сатып ала алады. Бізідің компанияда жарнаны бөліп төлеу жүйесі бар. 

Шаңсорғыштың ерекшелігі мен артықшылығы қандай?

Шаңсорғыш кәсіпкерлерге арналған, бірінші кезекте ол денсаулыққа пайдалы.

Осыдан 7-8 жыл бұрын Қазақстанда басты проблема жүрек ауруы еді. Барлығы шетелге шығып Түркия, Жапониядан ем қабылдайтын. Қазір проблема жүректе емес, қазіргі проблема аллергия, астмада болып тұр. Бүгінде үш адамның біреуінде аллергия бар. Аллергия түрлі нәрседен, көбінесе қоршаған ортадан болып жатады. Мысалы, Алматы дүниежүзі бойынша ең лас қалалардың қатарына жатады. Осылайша біз шаң жерден үйімізге кіріп, денсаулығымызға қауіп төндіреміз. Rainbow шаңды анық қып көрсетеді. Мен өзім әр көрген сайын таңғаламын. Матрацтың өзін тазалаған кезде шаң айтарлықтай көп болып шығады. Rainbow шаңсорғышын мүмкіндігі барлар алады. Бұл шаңсорғыш брендке негізделген. Денсаулығына мән беретін адамдардың көпшілігі осы шаңсорғышты таңдайды. Иә, шаңсорғыштар көп. Бірақ соның ішінде басты атасы осы - rainbow. Rainbow алғаш шыққан кезде түберкүлезге арналған ауруханаларда тұрған. Неге? Себебі ол ауаға ұшқан шаңдардың барлығын өзіне сорып алу мүмкіндігіне ие. Оның артындасүзгісі бар. Бұл сүзгі мүдем ауыстырылмайды. Оны тек жуып, қайта салып қоясың. Практикалық тұрғыда шығын тек жуғанға кетеді.

Бұл шаңсорғыш АҚШ-та өндіріліп, дүинежүзі бойынша 108 мемлекетте сатылады. Ең көп тұтынушылары Қытай халқы.

Мысалы, Алматының ауасы өте лас. Ал жаңадан шаңырақ көтеріп, дүниеге сәбиі келген адамдар бұл шаңсорғышты сатып алса, оларға қандай жеңілдік жасалады?

Рейнбоның бір артықшылығы – оның ауа тазалайтын режимі бар. Оны үйдің бір бұрышына қойып қойсаңыз, ауа тазаланып тұра береді. Оның ішінде шаңды ұстап тұратын арнайы сұйықтығы бар. Ал бұл сұйықтық ауадағы жаман иісті, бактерияларыдың барлығын тазалайды.

Rainbow еденнен бастап, төбеге дейін тазалайды. Кілеміңізді де тазалап-жуып, тіпті, кептіріп те береді. Біздің компаниядағы 1986 жылы сатып алынған шаңсорғыш әлі жұмыс істеп тұр. Бұл шаңсорғышты көбінесе ірі компаниялар мен қонақүйлер кілемді тазалау үшін емес, ауаны тазалау үшін алады.

Rainbow шаңсорғышын қайдан сатып алуға болады?

«Green Light Distribution» ЖШС.

Байланыс: 8701- 733 -57-57/ 8 (727) 356-20-40

Сайт арқылы танысыңыз: rainbowsystem.com

0 Пікір Кіру