Рухани жаңғыру саясаты дамыған елде өмір сүру – бір бақыт - на weekend.bugin.kz
Bugin.kz - на weekend.bugin.kz Bugin.kz

Менің түсінігімдегі Рухани жаңғыру деген не?

Бүгінде қазақ елі даму үстінде. Бұл табиғи процесс. Осы даму бағытында еліміз Рухани жаңғыру саясатын негізгі бағыт ретінде ұстануда. Жас түлек ретінде, өмір баспалдағына жаңа қадам басып келе жатқан тұлға ретінде Рухани жаңғыру бағытын зерделеп көрдім. Менің түсінігімдегі Рухани жаңғыру деген не? Осы сұраққа жауап іздеп көрсем.

Жалпы рухани деген сөздің өзі – жан әлемің деген ұғымды білдіреді. Рухани даму – жан әлеміңді дамыту. Рухани жаңғыру – жан әлеміңдегі даму бағытын жандандыру, әлемдегі бар жақсылықты қабылдай білу, ата-бабамыздан қалған дәстүрді жаңғырту, соның келешек ұрпаққа жетуіне үлес қосу деген сөз. Рухани жаңғыру – ұлттық құндылықтардың  дамуы, бұл үрдіс  Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізгенде ғана, тұңғыш президентіміз Елбасының ұзақ мерзімді стратегиясының негізінде бастау алды. Қоғамның, қазақ елінде өмір сүретін әрбір жанның санасының жаңғыруына бағытталып отырған бұл идеяның пайда болуы -  өз уақытында және  ел дамуының тарихи кезеңіне сай екенінін жас түлек ретінде көз жеткізудемін.

Сананың рухани жаңғыры -  бәсекеге қабілетті, білімді қоғамның дамуы. Сол себептен рухани жаңғыруда ұлттық сананың дамуына баса назар аударып, ұсынылған  міндеттерді орындау бәріміздің парызымыз деп есептеймін. Рухани жаңғыру «Туған елге» ұласатын «Туған жер» бағдарламасымен де ұштасып жатыр. Әрбір адамның өзінің туған жерінің гүлденуі мен тарихының танымал бюолып, сол жерден өскен әрбір ұрпақтың мақтанышы болуы үшін нақты үлес қосуға үндейтін бұл бастама әрбір жанның патриоттық сезімін оятары анық.

 Осы ұғымды түсінгелі елімізде дамып келе жатқан саяси үрдістің мағынасының тереңдігін ұғынғандаймын. Бұл бүгінгі жас түлек ретінде келешегіме үлкен жүк артып, тек мамандық таңдап, диплом алуды мақсат тұтқан жан болмауыма, қазақ елінің дамуына үлес қосатын тұлға болуым қажеттігі мені ойландыра бастады.  

 Қазақстан тарихындағы маңызды жоба болып саналатын рухани жаңғыру саясаты қоғамдық сананы жаңғыртуды мақсат етеді. Еліміздің тәуелсіздікке қол жеткізгелі  мемлекеттік бағдарламалардың бәрі экономиканы, әлеуметтік және саяси салаларды дамытуға негізделсе, «Рухани жаңғыру» тұтас бір халықтың тұрмыс-тіршілігін, болмысын, салт-дәстүрін жаңғыртпақ.

Бұл ретте біз секілді  мектеп табалдырығынан жаңа үлкен «өмір» атты «мектепке» аяқ басып бара жатқан түлектерге артылатын жауапкершілікті де сезінудемін.  Атадан қалған жерімізді, тіліміз бен дәстүрімізді сақтап қалу өз алдына, бүгінгі мектеп бітіруші түлектер Қазақстанды әлемдегі ең дамыған елдердің қатарына қосуға еңбек етуіміз қажет. «Рухани жаңғыру» идеясы осы міндетті жүзеге асыруға негізгі болатын басты құралымыз деп айта аламын. Сондықтан қазіргі кезеңде мектеп бітіріп жатқан жас түлектерге еліміздің дамуына үлес қосатын, қоғамға пайдасы тиетін ел азаматы болуға тырысайық дегім келеді. Мен болашақ мамандығымды журналистика саласымен байланыстырғым келеді. Еліміздің жақсы жаңалықтарын халыққа таныстырып, рухани болмысымызды дамытатын, соған атсалысатын маман болып, халыққа қызмет еткім келеді. Әрбір адам осындай оймен өмір сүрсе, еліміздің керегесі кеңейіп, бақытты ел боларымыз анық.

Ахметқалиева Айдана Жанатқызы

Нұрсұлтан қаласы,

84 мектеп-лицейдің 11 а сынып оқушысы


0 Пікір Кіру