Таудан жаратылған-өр тұлға - на weekend.bugin.kz
Перизат Сағантай - на weekend.bugin.kz Перизат Сағантай

Тұрлыбек Мәмесейіттің 70 жылдық мерейтойына арналған конференция

2019 жылдың 14 маусымында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде қайраткерлердің, жазушылардың басын қосқан үлкен шара өтті. Халықаралық ғылыми-практикалық конференция ҚР көрнекті жазушысы, еңбек сіңірген қайраткері, баспагер-ғалым, доцент - Тұрлыбек Мәмесейіттің 70 жылдық мерейтойына арналды. Жиын «Заман және қаламгер:әдебиет пен журналистиканың жаңа міндеттері» атты тақырыпта өрбіді.

Журналистика мен жазушылықты қатар алып жүрген Тұрлыбек Ілиясұлының шығармалары өте көп. «Түсіме тау кіреді», «Тау», «Әулие-шоқы», «Тауда өскен ұл» сынды әңгімелерінің өзінен жазушының тауға жан бітіріп, ерекше махаббатын көрсетеді. Қаламгер шығармалары бір емес  бірнеше тілде жарық көріп, оқырмандар ықыласына бөленген. 

Қазақ әдебиетінде өзіндік орыны бар жазушыға арналған кешті ЕҰУ проректоры - Дихан Қамзабекұлы сөз бастап,өзі жүргізсе, ректор - Ерлан Бәтташұлы да қатысып, сый-сыяпатын табыс етті. Сондай-ақ конференцияға Рақымжан Тұрысбек, Дәулеткерей Кәпұлы, Несіпбек Айтолав, Сақ Қайрат,Тұрсын Жұртбай, Мұратбек Тоқтағазин, Қырықбай Алдабергенов, Намазалы Омашев сынды жазушылар, журналистер, профессорлар қатысып баяндама жасады. Ал,өзі келе алмаса да Нұр Отан" партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев құттықтау хатын жіберген болатын. Ең керемет сәт - Тұрлыбек ағамыздың бітіруші шәкірттері келіп, жазушыға жүрек жарды ізгі ниеттерін жолдап, ұстаздарының мерейін одан әрі үстем еткендігі. 

«Тұрлыбек Мәмесейіттің кестелі ой, көркем сөзбен жазылған дүниелеріне тереңірек үңілгенде олардың уақыт көшімен ілгері жылжып, бірге тыныстайтынын анық аңғарасың. Ешкімге ұқсамайтын қалам қуатына тәнті боласың.»-деп Жанболат Аупбаев пікір білдірген болатын. Расында жазушы жаны өте терең әрі құпиялы. Тұрлыбек Ілиясұлының: «Жазушылық бақытсыз балалық шақтан басталады»деген үнемі айтып жүретін сөзін шәкірттері жақсы біледі. 

Ұйымдастырылған жиын Тұрлыбек Мәмесейіттің қанашама жылдық еңбегінің көрінісі. Шығармашылықтың қайнаған ортасы жиналды, еңбек ескерілді.

0 Пікір Кіру