Ми қайнаған ыстықтан Үндістанда 4 жолаушы қайтыс болды - на weekend.bugin.kz
Ізбасар  - на weekend.bugin.kz Ізбасар

Сейсенбі күні солтұстық Индия аймағында 4 жолаушы аптап ыстық салдарынан қаза тапты. Үндістанда соңғы екі апта сынап бағаны тек жоғарғы температураны көрсетіп тұр. Жолаушылар дүйсенбі күні Аградағы Тадж-Махалдан Коимбатурға бағыт алғанда жол ұрып, көз жұмды

«Қазаға елдегі аптап ыстық себеп болуы мүмкін. Бұл біз үшін өте ауыр жағдай» - дейді, АFP Үнді теміржол қызметкері Аджит Кумар Сингх. Синхтың айтуы бойынша, поезд Джханиси қаласына жақындағанда бортсеріктегілер бір жолаушының есінен танғандығын хабарлаған.

- Біз хабарды ести сала бекетке медицина мамандарын жөнелттік. Олар бекетке жеткенде үш адам жан тәсілім етіпті, - деп сөзін жалғайды теміржол маманы. Ал төртінші жолаушы ауруханада қайтыс болған.

Соңғы күндері солтүстік Уттар-Прадеш штаты, Джхансиде топырағының кенезесі кеуіп, ауа температурасы Цельси бағанында 45 градустан төмендемей тұр(Фаренгейт бойынша - 113). Теміржол қызметкерлері Экспресс Керала поезінде техникалық ақаудың тіркелмегендігін, туристер кондиционерлі автобустартарға таңдау жасамағандығын айтып отыр.

Аргадан мінген жолаушының пікірінше, жүрдек поезд қапырық әрі адам төзгісіз ыстық.  News 18 телеарнасының ақпарына қарағанда, қайтыс болған жолаушылардың ең үлкені 81 жаста.

Соңғы күндері Үндістанның көптеген аймақтарында ауа температурасы 50 градустан асты. Осы қаралы хабарға дейін шай мен киноныңтотанында ыстық өтіп қаза тапқандар тіркелмеген. Қазірдің өзінде әлемге танымал Раджастан аймағының Чуру қаласында сынап бағаны 50. 3 градуcты көрсетіп тұр.

0 Пікір Кіру