Ондаған жылдан соң жер бетін топан су басады - на weekend.bugin.kz
Акбота Куанышбекова - на weekend.bugin.kz Акбота Куанышбекова

Жаһандық жылыну салдарынан жер шарын топан су басып, адамзат жойылып кетуі мүмкін

Ғалымдардың айтуынша ғаламдық жылыну салдарынан мұхит деңгейі көтеріліп, адамдар мен жануарлар үдере көшпек.Ғалымдар қазір ғаламшарда жаһандық жылынуды едәуір жеңілдететін процестер жүріп жатыр деп есептейді. Олардың есептеуінше, 80 жылдан кейін жалпы температура бес градустан жоғары болады. Осының салдарынан мұздықтар жаппай ери бастап, топан су басады.

Кейбір сарапшылардың мәліметтері бойынша, 30 жылдан кейін көптеген мегаполистер су астында қалады.

Ал Science Alert басылымының хабарлауынша, 80 жылдан кейін жаһандық жылыну салдарынан жер шарын топан су басып, адамзат жойылып кетуі мүмкін.

Жылыну басқа да табиғи апаттарға әкелуі мүмкін деген де болжам бар. 200 миллионға жуық адам су тасқынынан зардап шегеді, олар басқа өңірлерге белсенді түрде көшіріледі. Адамдарды тамақтандыру өте өткір мәселеге айналады.

«Жағалаудағы аумақтарды су басып, Франция, Германия, Испания және Ұлыбритания аумағынан асып түсетін 1,8 миллион шаршы шақырым жер жарамсыз болып қалады. Сонымен бірге жарамсыз жердің көп бөлігі азық-түлік өндірілетін аса маңызды аймақтардың бір бөлігі болады», — деп ескертті ғалымдар.

Ал Австралиядағы National Centre for Climate Restoration талдау тобы атмосферадағы қайтымсыз процестердің нәтижесінде адамзаттың бірнеше ондаған жыл ғана өмір сүруі мүмкін дейді және бұл 30-40 жылдың мұғдарында болуы ықтимал екен.

0 Пікір Кіру