Екінші болма! - на weekend.bugin.kz
Alfiya Adambek - на weekend.bugin.kz Alfiya Adambek

Адамның асылданғанына, маманның машықтанғанына берілетін медаль, ордендердің киесі қашанда қымбат

Адамның атақ-абыройын айқындай түсетін, елге еткен еңбегі мен халыққа көрсеткен қамқорлығының арқасында аты асқақталатын арнайы шендер әр кезде де қолданысқа ие болған. Әр саладағы мамандарға берілетін төсбелгілер, оқушыларға арналған «Жас Ұлан» төсбелгілері, топтан суырыла шыққандарға арнайы медальдар, Мемлекет және қоғам алдындағы айрықша еткен еңбекке берілетін Құрмет белгісі-адамның атақ, дәрежесін айқындап тұрады. Ең алғаш халықтың қаймағы болғандарды арнайы атаққа ұсыну Римде пайда болған(VI). Сондай-ақ, алғашқы медаль соғушылар да Ежелгі Римдік шеберлер екен. Кейіннен төсбелгі соғу өнері Италия мен Византияда кеңінен етек жайды. Төсбелгіде бейнеленген мүсін арнайы бір мағынаны беруге тиіс.

Кеңес Одағында алғаш шығарылған «Қызыл Ту» ордені. Ол Азамат соғысы майданында ерлік көрсеткенкен Қызыл Армия жауынгерлеріне арнап шығарылған болатын. Қызыл Ту орденін алғаш кім алды?

 Яков Свердловтың ұсынуы бойынша, ең бірінші Кеңестік орден Блюхерге беріледі. Кеңес Одағында одан кейінгі жылдарда «Еңбек Қызыл Ту»(1920 ж) ордені, «Ленин» (1930 ж) ордені, «Қызыл Жұлдыз» (1930 ж) ордендері ерен еңбек еткендердің елге атын машһүрлей түсті.

1895 жылы Альфред Нобельдің өсиетнамасына сәйкес «Нобель» сыйлығы сан жүйріктің «Құлагерін» саралады. «Нобель» сыйлығы 5 бағыт бойынша жұмыстарды қарастырады. Олар:

1.               Әдебиет

2.               Физика

3.               Химия

4.               Физиология немесе медицина

5.               Бейбітшілік сыйлығы.

Ереже бойынша бір адам тек бір рет қана Нобель сыйлығының иегері атана алады. Әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығын алғаш алған әйел- Сельма Лагерлеф болатын. Ал әдебиет саласында Нобель сыйлығынан бөлек, Дублин, Кафка, Букер, Гете, Сервантес, т.б. халықаралық сыйлықтары беріледі. 

Өз елімізде «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің тілшісі, «Лениншіл жас» газетінде редактордың орынбасары болып қызмет атқарған, Ержұман Смайыл Президент сыйлығының тұңғыш лауреаты атанып, еткен ерен еңбегінің жемісін көрді. Белгілі журналист Бауыржан Омарұлы «11 қаламұш» кітабында өзі ұстаз санаған Ерағасы туралы «Кейде өмірде елдің бәрі қуана қол соғатын әділ іс болады. Соның бірі Ержұман Смайылдың Президент сыйлығының тұңғыш лауреаты атануы. Неге атанбасын?! Еңбегі адал, жұмысы жанкешті. Кешке дейін кабинетіне бармай, машбюро мен корбюрода жүретін қай басшыны көрдіңіз, Ержұманнан басқа? Қазақ баспасөзінің кәтепті қара нары бізге сонысымен қымбат!» деп ыстық лебізін білдіреді.

Елімізде 1993 жылы Президент жарлығымен тағайындалған «Құрмет» ордені - халық арасында экономикаға, мәдениетке, саясатқа, әдебиетке өз үлесін қосып жүргендерге, терлегендерге таратылатын медаль.

Адамның асылданғанына, маманның машықтанғанына берілетін медаль, ордендердің киесі қашанда қымбат!

0 Пікір Кіру