«Тақтар таласының» соңғы маусымында кофе ішкен кім? - на weekend.bugin.kz
Ізбасар  - на weekend.bugin.kz Ізбасар

Жақында жарыққа шыққан Game of Thrones-тың 8 маусымы көрермендердің ашу-ызасын туғызды

Кино саласында құбылысқа айналып, әлем назарын өзіне аударған «Тақтар таласының /Игра престолов/» көптен күткен 8 маусымы 2019 жылдың сәуір айында көрерменге жол тартты. Фильмнің алғашқы бөлімін АҚШ-тың өзінде 11,8 млн адам көріп үлгерсе, маусымның соңғы бөлімін тамашалаушылар саны 12 миллионнан асып жығылыпты.

Бір қызығы, киносүйерлер 8 маусымды тамашалап қана қоймай, фильмнің көп тұсымен келіспейтіндігін байқатқан. Олар бірауыздан Change.Org-та петиция ұйымдастырып, 8 маусымды қайта түсіруді талап етіп отыр. 1 миллионнан астам адам қол қойған қарарда фильм кейіпкерлері Бениофф және Уайсты басы бүтін көргілері келмейтіндігін жеткізеді. Өкініштісі, кітап желісінен бір елі алыстай алмайтын шығармашылық ұжымның іс-әрекеті де қатты сынға ұшырап отыр. Уәжге назар салсақ, патша көңілді көрермен актер Айзек Хэмпстед-Райттың (Брана Старка рөліндегі) аса күлкілі, ал Джейкоб Андерсонный (Серый Червькейпінде) тым дөрекі бейнеленгенін айтады. Бұл ғана емес, сынға 8 маусымның жеке эпизодтары да ілікті. Ортағасырлық қамал дастарханындағы кофе ыдысы, Винтерфел үшін ұрыс кезінде жарықтың сәтсіз қолданылуын киноөндірістегі жауапсыздыққа балағандар шаш етектен.

Кім не айтқанымен сериалдың нүктесі қойылды. Тіпті, НВО ендігі «Таққа таласатындардың» спин-оффын жасады, яғни, екінші дәрежедегі кейіпкерлерін басты актерларға айналдыруды бастап кетті. Таққа талас басталмас бұрынғы 10 000 жылдың баянын арқау ететін келесі маусым 2020 жылы шығуы мүмкін. Алайда, келесі маусымда кейіпкерлер Бениофф пен Уайсты көре алмайсыз. Себебі, олар жақында «Жұлдызды соғыстың /Звездные войны/» жаңа нұсқасына түсуге шақырту алды. Олардың қатынасуымен фильмның алғашқы саны 2022 жылы шығыды деп жоспарлануда. 

Ал сіз әлемдік резонанс тудырған «Тақтар таласының» соңғы маусымын көрдіңіз бе?

0 Пікір Кіру