«Соңғы мұғалім» қандай фильм? - на weekend.bugin.kz
patick - на weekend.bugin.kz patick

Армения астанасынан жүлдемен оралған отандық "Соңғы мұғалім" фильмі туралы әңгімелейміз

Ален Рахметалиев түсірген «Соңғы мұғалім» - қысқаметражды картина. Фильмде химия пәнінен беретін мінезі жуас мұғалім Ержан Қайдарұлының өмірі баяндалады. Оның сабақтарында оқушылар үнемі шулап отырады. Бір күні жоғарғы сынып оқушыларынан өзінің ұлы жәбір көргенін біледі. Осыдан кейін ұстаз олармен күреспек болады.

Кинотуындыны ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген. 

Жақында ғана аталған фильм Армения астанасында өткен Yerevan International Short Film Festival кинофестиваліне қатысып, арнайы жүлдеге ие болды. Бұл оның алғашқы фестивалі емес. Түркияның Ыстамбұл қаласында былтыр желтоқсанда өткен Dostluk Kısa Film Festival халықаралық қысқаметражды фильмдер фестивалінде екінші орын алған. Сондай-ақ биыл сәуірде Абхазиядағы Сухум халықаралық кинофестиваліне қатысты.

Ален Рахметалиев – қазақстандық сценарийші, режиссер. Т. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА түлегі. Осыған дейін «Соңғы күн» (2015), «Ойыншы» (2016), «Төзімділік» (2017) қысқаметрлі картиналарын түсірді.

0 Пікір Кіру