Маңызы мол мамандық  - на weekend.bugin.kz
Марғұлан Ақан - на weekend.bugin.kz Марғұлан Ақан

Мамандық туралы

«Кім көп ақпаратқа ие болса, сол әлемді басқарады», – деген екен Натан Ротшильд. Мектеп бітіргелі отырған жас түлектердің арманы – әлемді басқару емес, басты бас қатырғаны – ҰБТ-ның әлегі. Ал сынақтан сүрінбей өткен талабы таудай талапкердің алдында мамандық таңдау машақаты тұр. Бұл күні ата-анасының айтқанымен сұранысы аз мамандықты серік еткендер де, қабылдау комиссиясының қабылдаған шешімімен белгісіз мамандыққа ақылы бөлімге ағылып жатқандар да жетерлік. Шығармашылық емтихан тапсырып маңызы мол мамандыққа түсуге болатынын көп адам біле бермейді. Ақпараты аз болған соң мемлекеттің грантынан құр қалып жатқаны жасырын емес. Шығармашылық емтихан арқылы өз біліміңді қайта шыңдап грантқа түсуге мүмкіндік алатын сұранысқа ие маңызды мамандықтардың бірі – «Дінтану» мамандығы.

Дінтану – діннің шығуы, мәні мен дамуы, діни ілімдер мен олардың ерекшеліктері туралы кешенді ілім. Сонымен қатар дінді ғылыми түрде түсіндіруге мән беретін дін туралы ғылыми білім, діннің шығуы мен дамуы туралы объективті білім беретін  пән.

Дінтану мамандығы – қазіргі қоғамға қажетті, мемлекетке маңызды мамандық. Бүгінгі таңда мемлекет тарапынан ерекше қолдауға ие болып сұранысын арттырып отыр. Көп этносты, түрлі конфессиялы зайырлы Қазақстан үшін заман талабына сай дінтану пәнін оқыту мен дінтанушы мамандар өте керек және бұл мамандық өзектілігін еш жоғалтпайды. Дінтанушы мамандар кәсіби қызметін мынандай салаларда іске асырады:

·        Мемлекеттік, діни және қоғамдық ұйымдарда бұқаралық ақпарат құралдарында тәуелсіз сарапшы ретінде және сарапшылар комиссиясының құрамында;

·        ҰҚК және ІІМ сараптама қызметінің, мемлекеттік басқару, сыртқы және ішкі саясат бөлімінің қызметкерлері;

·        Дін тарихы мен теориясы, заманауи өркениеттің діни-философиялық мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарында ғылыми қызметкер;

·        Мемлекеттік және мемлекеттік емес жоғары және орта арнаулы оқу орындарының оқытушылары;

·        Бітіруші магистратура мен PhD білімін жалғастыра алады және халықаралық жобаларды іске асыруға қатыса (БҰҰ, ISESKO, Ашық қоғам институты және т.б.) алады;

·        «Халал» стандарттау комитетінің, ҚМДБ қызметкерлері және басқа да мемлекеттік, мемлекеттік емес мекемелер және халықаралық ұйымдардың қызметкерлері.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті дінтанушы мамандарды даярлайтын бірден-бір жоғары оқу орны. Білім ордасында елімізге танымал білікті дінтанушылар сабақ береді. Сонымен қатар киелі қара шаңырақта ізденімпаз студенттің жан-жақты дамуына қолайлы жағдайлар жасалған. ҰБТ-де оқу сауаттылығы мен математика пәндерінен жинаған баллдарымен университетке келіп қосымша шығармашылық емтихан арқылы мектеп бітірушілерге бақ сынап көруге болады. Ендеше мүмкіндікті мүлт жібермей үздік университеттің  маңызы мол мамандығының студенті атан, жас талапкер!

Утебаева Д.С.                                                            

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,

Философия және саясаттану факультеті

Дінтану және мәдениеттану кафедасы

Аға оқытушы,PhD


Жұбанышов А.Ш.                                               

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,

«Дінтану» мамандығының магистранты

0 Пікір Кіру