$4 тұратын әуе билеттері жайлы білесіз бе? - на weekend.bugin.kz
Мирас - на weekend.bugin.kz Мирас

Бұндай баға Қытайда бар

Бұндай бағамен Қытайдың Шаньси провинциясынан бір қаладан екінші қалаға ұшып баруға болады. Жаңадан ашылған қысқа әуе жолдары сәуір айының соңынан іске қосылған, – деп хабарлайды Синьхуа агенттігі.

Льюлян және Тайюань қалаларын арасындағы тікелей рейстер 30 сәуірден бастап іске қосылған. Ұшу ұзақтығы бар-жоғы 200 шақырымды немесе жеңіл көлікпен 3 сағаттық жолды құрайды. Әуе жолы арқылы бұл аралықты 45 минутта ұшып өтуге болады.

"Билеттерге деген сұраныс өте жоғары. Мамыр айына арналған билеттердің көбі сатылып кетті. Қыдырудың бұл түрі провинциялардағы қалалар арасында ғана жүзеге асып, туристерге әдемі көріністерді тамашалауға мүмкіндік береді", – деп мәлімдеді Льюлян қаласындағы "Даву" әуежайының бас директоры Юнь Пэйган.

Ұшу төмен биіктікте өтеді. Соның арқасында жолаушылар бұлттар мен алыс жерлердің орнына, табиғаттың керемет көріністерін тамашалай алады. Билет құны бар-жоғы 28 юань немесе 4 долларды құрайды. Біздің ақшаға салсақ, шамамен 1520 теңге. Кейбір жағдайда бұл автобус құнынан арзан.

Сондай-ақ, еуропалық Airbus компаниясы, Қытайдағы Шэньчжэнь қаласының басшылығымен аэротакси жүйесін іске қосуды жоспарлап отыр.

0 Пікір Кіру