Туған күн тойламайтындар кімдер? - на weekend.bugin.kz
Гүлмира - на weekend.bugin.kz Гүлмира

Туған күнді не үшін тойламайды?

Әр адам өзінің туған күнін атап өткісі келеді. Жақын туыстары мен достарынан керемет сыйлықтар күтеді. Алайда кейіннен түрлі жағдайлар орын алуына баланысты бұл қағида өзгеруі  мүмкін. Осыған орай кейбіреулер жыл сайын туған күнін шыдамсыздықпен күтсе, ал енді біреулер  бұл туралы ұмытып та кетеді.

Ежелгі адамдар  дүниеге келу – бұл мереке және де бұл күні  адамға  тылсым күш келеді деп сенді. Олар сыйлықтар жасайды, оған бір жыл бойы дайындалады. Біздің терең жадымызды сиқырлы нәрсе күтіп тұрғандай сезіледі. Сондай-ақ, туған күн – бұл дүниеге келу, қайта туу, бір циклдың соңы мен  келесі жастың басталуы. Бұл өте маңызды күн болып табылады.

Ал осы күнді адамдар не үшін тойламайды деп ойлайсыз? Олай болса сіздерге бірнеше себептерді ашып көрсетелік.

Өзін-өзі танудан бас тарту – туған күніне қатысты символдық  белгілерді ұмытуға тырысу. Мұндай адам өзіне деген сүйіспеншіліктің жетіспеушілігін бастан кешіп, аздап ренжіген балаға ұқсайды. Ол әрқашан бір сәтте оны жақсы көреді деп үміттенеді. Дегенмен оның мерекесі тойланбаған соң, үміті ақталмауы мүмкін.

Келесі бір үлкен себептердің бірі – өзгерістерден қорқу. Біреуін аяқтап, басқасын бастау қиын, ол әрдайым ескі нәрседі шексіз тартуға тырысады.Ол өмірдегі нәрсені өзгертуге тырыспайды, маңызды іс-қимылды жүзеге асыруға оған қиын болады. Алайда бұл тойланбағанымен уақытты тоқтатып қоя алмайсыз. Жаңа өмірге қадам баса бересіз, ол  жалғаса береді. Осы орайда жасағың келмесе сылтау табыла береді демекші, бұл күнді атап өтпеу үшін сан түрлі сылтау табуға болатынын естен шығармайық.

Жалпы шын мәнісінде туған күнін атап өтпейтіндер кімдер?

Негізінен Ехоба  куәгерлері туған күндерді тойламайды екен. Өйткені олар бұл Құдайға ұнамсыз екеніне сенеді. Олар сенетін киелі кітапта туған күндеріне қатысты тікелей тыйым жоқ. Ехоба куәгерлері дегеніміз XIХ ғасырдың екінші жартысында Америкада қалыптасқан христиандық деноминация болып табылады.

Ехоба куәгерлерінің ұйымының 2016 тамыз айындағы статистика бойынша, әлемде 8.3 миллионнан астам ұйымының мүшелері бар. Бұл топ 1870-ші жылдарда, Чарльз Тейз Рассел негіз салған Киелі кітап  зерттеушілердің қозғалысынан  пайда болды. Ехоба Куәгерлері деген атауы, Киелі Кітаптағы Ишая 43:10-12 тармақтарында негізделген түрде алған . Ехоба куәгерлері протестанттарға ұқсап икондарға, крестке жэне мүсіндерге табынбайды. Ондай табынушылық - пұтқа табынушылық дейді. Қазақстанда Ехоба куәгерлерінің 59 жергілікті діни бірлестігі бар. (2012 жыл Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі ақпарат бойынша). Туған  мәселесіне қатысты Киелі кітап принциптері сияқты қасиетті қарастырайық.

1. Иса Мәсіхтің алғашқы ізбасарлары туған күн тойламаған. Неге? "Уорлд бук" энциклопедиясында айтылғандай, "олар әлдекімнің туған күнін тойлауды жалған тәңірлерге табынатын халықтардың жорасы деп қарастырған". Ал Киелі кітаптан көрінетіндей, Исаның өзінен тікелей тәлім алған елшілері мен басқалардың қалдырған үлгі-өнегесін оның кейінгі ізбасарлары да ұстануы қажет.

2. Исаның ізбасарларынан атап өту талап етілетін жалғыз мейрам, ол туған күн емес, Иса Мәсіхтің өлген күні (Лұқа 22:1). Бұл таңғаларлық емес, себебі Киелі кітапта "туған күннен өлген күн артық" делінген . Жердегі өмірінің соңына қарай Иса өзінің іс-әрекетімен Құдай алдында жақсы атаққа ие болды. Сондықтан оның туған күнінен гөрі өлген күні маңыздырақ (Еврейлерге ).

3. Киелі кітаптың еш жерінде Құдай қызметшісінің туған күн тойлағаны айтылмаған. Бұл жай ғана елеусіз қалған жайт емес. Өйткені Киелі кітапта екі адамның туған күн тойлағаны жазылып кеткен. Алайда олар Құдайға қызмет етпеген және осы екі оқиға да жаман жағынан көрсетілген (Мұсаның 1-жазбасы ).

Қорытындылай келе жыл сайын бір рет  ғана келетін ерекше мерекемізді бос өткізіп алмайық. Сізге осы нәрсені істеу үшін мүмкіндік берілді ме, демек оны жүзеге асырған жөн. Бір нәрсені жасамай өкінгенше, жасап көріп, қуанышқа бөленіңіз.


0 Пікір Кіру