Қайталама - на weekend.bugin.kz
Есентүгел - на weekend.bugin.kz Есентүгел

Қайталамамен танысу

Қою қара тұмандай тұмшаланған мынау ғаламшар өзіне қызықтырмай қоймайды білем. Жерде біз, онда олар тым тырақай өмір ме, өгіз бе, əлде су ма əйтеуір бірдемені кешіп жатырмыз. Жердегі біздің ісіміз белгілі қағидадан аспайтыны бар. Кəдімгі əжеміз, болмаса атамыз белгілеп берген қағида. Ие, ие сол қағидадан аспайды. Күйбің тірлікке салып қойып, көлеңке қылғысы келетіндер де табылады. Ертеден қара кешке дейін жұмыс істеп қаражат табу дей ме дейді. Ештеңеге ой жүгіртіп жатпау дей ме дейді. Оған күште, құлықта қалмайды сезем. Тек ақша тап, тап молырақ ақша деп ұрандап өз өзімізді қамшылап қоямыз. Сонда бəрі тамаша болмақ.

Түрің сұстанып "бəлі, қарада тұр сен бəрінен озасың" деуің тағы да бар. Санаға тұрмыс тамырын терең жайғаны да бар. Осы кезде қолымды маңдайыма апарып дөңелек шардағылар жаққа қараймын-ай келіп. Тура бір дым білмес көзілдірікті ғалымдар секілді. Ойым сан жаққа жүгіріп "басқа планетаның адамдары өмірді қалай сүріп жатыр екен" деген бедеу ой туа кететіні. Əлгі қарастан кейін-ақ қаптаған ұрғашы жұлдыздардың біреуінде жерге ұқсас бір планета барын көрем. Ал ол планетада бізге ұқсас ел барын да көрем. Ол жат елдің аты "Қайталама" деп аталады. Қайталама - жусан секілді ащы шөптің атауы екен. Ащы болсада адамның жан жарасын жазатын жақсы қасиеті болғандықтан тұтас ел солай аталыпты. Негізінен ондағы тұратын адамдардың саналары, түсінік ұғымдары да бізден әлде қайда бөлек қалыптасқан. Мəселен Қайталама да ақша атаулының күші кері бағытта қызмет етеді. Жердегі біздер ақшаны жұмыс істеп тапсақ, олар жұмыс істегені үшін істеткен адамға ақша төлейді. Бəрінің керсінше жүретіні сондай, елдің қаржы қорының билігі халықта. Үкіметі емес, халық үкіметке ай сайын жалақысын төлеп отырады. Ең қызығы олар да ақшасы көп адам керсінше қу кедей де, ақшасы не құрлым өте аз адам соғұрлым шалқыған бай болып саналады. Қайталаманың ұғымымен нашар тұрады деген бір үйіне кіріп барсаңыз, үй ішінде тау-тау қаланып жиналған ақша ысқырып тұрар еді. Бетіне қарап тұрып:

– О, ант ұрған немелер, көздерің мөлдіреп мұнда не істеп тұрсыңдар іске аспай?! Сендер үшін жер бетінде не бір сұмдық сойқан болып жатқанын көрмеймісің? – деп қаласың. Өз кезегінде ақшаларда: 

– Біздің кінәміз жоқ, жердегі адамдардың өздері ғой, саналарына бізді байлап қойған. Әйтпесе адамдардан басқа тіршілік атаулы "ақша табайын" деп жүргенін көрдің бе? Жалпы өзі жер бетіндегі тіршілік жүйесі әу баста теңдікке құрылмаған. Күші басым әділетсіз, парасатсыз, ақылсыздардың үстемдік ісімен құрылған. Адамдардың санасына тұрақты шекара жасап шеген деп тастаған. Болмаса неге бәрі тең өмір сүрмейді? Анау көрген рақатты, мынау неге тең көрмейді? Жер бетіндегі жалғыз саналы жаратылыспыз деп көкірек кергені сол ма? – деп жауап қайырады. Ал билік басында қызмет ететіндері, əне нағыз паразит байлар солар екен. Үйлеріне кіріп барсаң бір тиында таппайсың. Тап таза бос бөлмелер. Тап таза шіріген байы сол екен. 

– Сонда сонша байлыққа қалай кенелген, – дегің келіп тұр сезем. Қайталама елінің негізінен ұрлығы да елден ерекше. Мəселен таң ертең банкінің күзетшісі ұйқысынан тұрса, ине шаншар орын қалдырмай ұрылар ақшаны бөлмелерге қап-қабымен нығыздап жинап толтырып кетеді екен. Күзетші жүрегін ұстап мықтап тоналғанын сезіп дабылды басады-ай келіп. Бұл кезде əрине бірінші халық келеді зар еңіреп. Себебі тоналған халық қой. Билігі тіпті оған бас қатырмайды. Бəлкім "өзім тонатып, өзім жоқтаймын ба" дейтін болар. Сөйтіп жинаған байлықтарына да қарамастан бас салып үкіметі халықтан жыл сайын жалақыны аз төлеуді талап етіп жолдау жолдайтынын қайтерсің. Адамда қанағат жоқ қой. Халқына былай: 

– Сендер біздің жалақымыздың орташа көрсеткішін 40-50 мың деп жаһанға жарсаласыңдар. Біз негізінен ай сайын қолымызға ең кемі 500 мың- ақ алып отырмыз. Бұл не деген масқара" – дейтін көрінеді. Бірақ халқы да қу екен шіркіннің, мәдениетті түрде: 

– Биылдан бастап іс жүзінде, қайткенде де біз, жалақыны аз төлеп, тамшылатып суарамыз. Осылай шалқып отырғанымыз сендердің арқаларың ғой. Сол сендердің бейбіт сүйгіш татулықтарыңның арқасы ғой, – деп үкіметіне уəдені үйіп төгіп, алдап-сулап, сөз бергені берген, жеме-женге келгенде рақаттанып тұрып, молырақ қосып жібереді екен әрі іштерінен "ақшаның астында қалғырлар" – деп сөзбен сылап қоятыны тағы бар. Бəлкім бұл сөз жер бетіне аунап түссе Дəнеш əжеміз қайырар батаға айналып кетер ме еді, қайтер еді?..


0 Пікір Кіру