Ангела Меркель Германиядағы мұсылман-кәсіпкерлерді салықтан босатты - на weekend.bugin.kz
Марғұлан Ақан - на weekend.bugin.kz Марғұлан Ақан

Рамазан айындағы канцлердің жақсылығы

Германия канцлері Ангела Меркель Германиядағы мұсылман-кәсіпкерлерді салықтан босатты деп хабарлайды. 

Қасиетті Рамазан айының қарсаңында мұсылман-кәсіпкерлер ай сайынғы кіріс салығын төлемейді. Жеңілдікке қол жеткізгендердің арасында ислам тауарларын сататын базарлар мен халал мейрамханалардың иелері бар. Ел билігінің бұл әрекеті – Рамазан айының оразасы уақытында мұсылмандар үшін азық-түлік бағасын арзандату үшін жасалып отыр.

Осыған дейін Меркель әртүрлі дін өкілдерімен кездесуінде елдегі барлық дінге деген көзқарас бірдей деңгейде болуы керектігін айтқан болатын.

"Мұсылмандардың барлығы дерлік – өте жақсы адамдар және Конституцияны қолдайтын Германия азаматтарының үлгісі. Ислам діні Германияның бір бөлшегіне айналғанына ешқандай күмән жоқ",- деді канцлер. 

Қамшы ақпарат 

0 Пікір Кіру