Үш айнымалысы бар теңдеу - на weekend.bugin.kz
Арман Жолымбет - на weekend.bugin.kz Арман Жолымбет

Неге науқастар нақты ем алмайды?

Денсаулық –  бірінші  байлық. Алайда, қазіргі таңда Қазақстан медицинасы бірнеше қиындықты бастан өткеруде. Бұл жағдай мектеп бағдарламасындағы үш айнымалысы бар теңдеуді еске салып отыр.. 

Бірінші "айнымалы" –  науқастардың өзі. Кең таралған жүйесіз ақпарат көздері мен пациенттердің білімсіздігі – дәрігерлер кездіесетін ең бірінші тосқауыл. Ақпарат көзі ретінде кемінде 7 жыл білім алған маманға емес, бақсы-балгерге сену, емші-құшнаштың айтқанын орындау, жөнсіз интернетті пайдалану, уринотерапия, гомеопатия сияқты дереккөздерге сену  – басты қателік.

Екінші "айнымалы" – сенімділігі төмен "лабораториялар". Келген науқасты  тек "клиент санайтын мемкелер саны артуда. Саны көп, сапасы жоқ зерттеу түрлерін тағайындау мен науқастарды бір кабинеттен екіншісіне "тепкілеуді"  қосқанда миың ашиды. 

Үшінші "айнымалы" – "дүкен -дәріханалар". Аурудың атын атасаң болды ең "керемет" дәрі қалтаңызда. 

Осы теңдеуді кім шеше алады?

0 Пікір Кіру