Қазақстандықтар бір күнге жуық уақыт интернетсіз қалды - на weekend.bugin.kz
Dauren Erkin - на weekend.bugin.kz Dauren Erkin

You Tube, Facebook, Instagram және коммерциялық, коммерциялық емес ақпарат таратаын платформаларға да кіру мүмкін болмады

Соңғы жылдары ел аумағында интернет пен бірқатар әлеуметтік желілер уақытша бұғатталуы жиілеп барады. Соның бірі мереке қарсаңындағы 9 мамыр, бейсенбі күнгі  болған бүгінгі жағдай. Әуел баста бұл бұғаттаулар You Tube видеохостингтік платформасында байқалса, ізін ала бере көпшілікке танымал Instagram, Facebook, Telegram сынды әлеуметтік желілерде де қолжетімділік тоқтатылды.

Сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының жекелеген сайттары, атап айтқанда informburo. kz, exclusiv. kz, vlast. kz, time.kz, lada.kz, adilsoz.kz, azattyq.org және т.б сайттарға кіру мүмкін болмады.

Мобильді байланыс сапасының нашарлылығын, кейбір ойын сауық орталықтары мен ресторандағы онлайн төлем сервистерінің өз деңгейінде жұмыс істемей тұрғандығын айтып шағымданғандар да болды.

Осындай жағдайларда пайдалы кеңес  құрметті оқырман! 

Мұндай жағдайдағы көпшілікке танымал әдістердің бірі бұл VPN (виртуалды дербес желі ) арқылы қосылыс, яғни қалалардағы көптеген компьютерлермен басқа да байланыс құрылғылары бір арнаға шифрланған арнайы каналдар ға қосылады. Мұндай қосылыс түрі арқылы сіз интернетті қолдана аласыз. 

Мұндай интернет бұғаттаулар ел аумағына сырттан келетін кибершабуылдармен хаккерлік шабуылдардан қорғану үшін жасалады.

0 Пікір Кіру