Тілек Ырысбек: Осырақ қоңыз. Автобус ішінде уақыт өлтіру - на weekend.bugin.kz
Runa academy - на weekend.bugin.kz Runa academy

(Nahudi)

Ол осырақ қоңызды сол қолының саусақтарымен шымшым ұзақ ұстап тұрды да, оң қолындағы дөнерін жәукемдеп баяу шайнай бастады. Тіпті өзінің тура дәретхана есігінің табалдырығында тұрып әлденені ұмытқанын есіне түсіргісі келмеді. Қоқыс жәшігінде қоламтанған темекі түтіні маған қоштасудың жағымсыз кермек дәмін есіме түсірді. 

22:50 


Сайранда дәретхана кассасындағы орыс апайға майда ақшамнан бес теңге жетпей отыз бес теңге ұсынғанымда ол маған тек базарда ғана саудаласуға болатынын қатаң ескертті. Амалсыз басымды шұлғи салғаныммен, қалтамның бес теңгеліктерге толып кеткенін өзімде байқамай қадым. Әжетімді қатты өтегім келіп тұрмағанымен, әжені ойладым. 
19:45
Жанымда менімен бірге автобус жүргізушісін күтіп тұрған төрт бойжеткен осырақ қоңыздарға және оны қолына ұзақ ұстап тұрған жігітке қарапт өзбекшелеп күбірлескендей болды. Есіме тек джинсылары ғана қалыпты. Арзан бірақ қымбат джинсылар екеніне шүбәсіз сенгім келді. Қызық, джинсылар біртүрлі қарбызға ұқсайтын секілді.
22:54
Ким Ки Доктың фильмдері кейде порнографияға ұқсайды. Мен оны бүгін автобуста түсіндім. 
(Один на один. 2014 ж. )
23:14
Эгон Шиле, Рене Магрит, Ренуар, Ким Ки Доктың ең әлсіз тұсы. Тек құлағын Beat Takeshi кесіп алмаса жарар еді.
PS: Ұзақ ойландым шашы менікіне келіңкірейтін секілді. #kimkiduk
23:23
Шимасава Хироши.
23:55
Автобус ішіндегі қолдар ұзақ сөйлесті. Тек қана қолдар. Алматыға жолға шығып барамыз. Қолмен қалжыңдасуға да, қызбен сырласуға да болатынын мен автобус ішінде түсіндім. Бұл орайда олар бақытты қажет ете ме екен? Кейде қолың барда құлақпен тілдің қажеті болмай қалатын кезі болады. Бірақ біздің қоғамға әзірге үшеуінің де қажеті жоқ.
21:28
Акира Куросава. "Тень воина". 1980 ж.
18:19
"Быстрый как ветер, спокоен как лес, могучи как огонь, недвижим как гора."
Куросава
Өз тағыңды мәңгілік ету үшін өз әкеңді өлтіріп, өз балаңнан бас тартуға болады. Ажалың жетсе, өзіңді өлтірмеу үшін, өзіңе ұқсас ұрыны көлеңкең етіп, өлігіңді білдіртпей су астындағы құмыра ішінде жасырып қалуға да болады екен. Тақтардың таласы ешкімді көлеңке жасай алмайды. Сәйкесінше ұрыны да, тіс дәрігерін де, әсіресе қарапайым құрлысшыны да. Тек бәрінің қолынан адам өлігінен тау, адам қанынан өзен жасау ортақ хоббиларына айналатыны өкінішті. 
22:04
Дәретхана кассасындағы өзбек азаматының қызы дәретхана қағазын келушілерге біртіндеп үзіп алып үлістеріп жатты. Бұл оның күнделікті қайталанатын өмірі. Елу теңгеге бес теңгем жетпегенімен бетімді қайтармады. Далада жел қатты болғанымен айнала сондай сасық болатын. Жанымнан қалт-құлт етіп таяғына сүйенген қария, ақсаң басып әжетін өтеуге кетіп бара жатты. Автобусқа кірген бойда әлдебір сыған музыкасымен мағынасыздау орыс сериалы басталды. Жолаушылар елең ете қалысты. 
Кенет ұсқынсыздау келген өзбек қызы маған Достаевскийдің Идиотын есіме түсіргенімен, неге екенін білмеймін менің Киотоға кеткім келді. Ол жақта бәлкім Сакуралар жерге үзіліп үлгерген болар. Momiji.
22:34
Княз Шингэн, клан Такэда.
22:40 
Сұлулық өнерді өлтіреді, және оны қайта тірілтеді. 
22:51
Шедевр. Куросава. 
0:35
Егер Достаевский өзбек болғанда, Куросаваның идиоты менің ең сүйікті фильмім болар еді. 
1:29
Антониони жолдастың Өзбекстанда фильм түсіре алмағаны қандай өкінішті. Бәріне сәбет өкіметі кінәлі. 
1:43
Мен сені сүйемін, Куросава!
6:58
Сартрдың маған көзі ғана ұнайды. Экзистенциализм расында гуманизм. Ал біздің әдебиетте Dоlbaiyptar өте көп. 
7:06
Менің ескі бір танысым, ішіп алып аспанға ұшқаны соншалық Достаевскийді толық оқымағанын айтпанының өзінде, оны түгелдей жоққа шығармақ болды. Себебі, ол жек көретін жазушы, Достаевскийді шексіз жақсы көреді. Парадокс. 
7:09
Алматы - Шымкент - Түркістан. 
Түркістан - Шымкент - Алматы. 
2019 ж. Сәуір.



1 Пікір Кіру