Әлем елдеріндегі Қарулы күштер күні  - на weekend.bugin.kz
Мирас - на weekend.bugin.kz Мирас

Отан қорғаушылар мерекесін өзге елдер қалай тойлайды?

Қазақстан Республикасы

Отан қорғаушылар күні, Қазақ елінде, жыл сайын 7 мамырда атап өтіледі. Бұл күн, мемлекеттік мереке болғандықтан, демалыс күні болып табылады. 

1992 жылы 7 мамырда, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтің жарлығымен Қазақстан Республикасының Қарулы күштері құрылды. Сондай-ақ, дәл осы күні еліміздің аумағындағы КСРО Қарулы Күштерінің құрамында болған әскери бөлімшелер, құрамалар және мекемелер Қазақстан Республикасының құзыретіне берілді.

Бұн күні, 2013 және 2018 жылдары әскери шерулер өткен болатын.

Австралия және Жаңа Зеландия

Жыл сайын 25 ақпанда Австралия және Жаңа Зеландияда АНЗАК күні (ANZAC Day) – Отан қорғаушылар күнін тойлайды. Бұл күні екі елде соғыстарда қаза тапқан адамдардың құрметіне түрлі салтанатты рәсімдер атқарылады.

ANZAC – Австралиялық және Жаңа Зеландиялық армиялық корпус дегенді білдіреді.

АҚШ

Жыл сайын мамырдың үшінші сенбісінде, АҚШ-та Қарулы күштер күні (Armed Forces Day) аталып өтеді. 

Америка әскерилерінің кәсіби мерекесінің құрметіне, түрлі парадтар, авиашоулар және өзге де салтанатты іс-шаралар өтеді.

Ұлыбритания

Бұл елде жыл сайын маусымның соңында Қарулы күштер күні (Armed Forces Day) аталып өтеді. 2009 жылға дейін бұл мереке Ардагерлер күні деп аталып келді. Алайда, үкіметтің қаулысымен өз еліне қару ұстап қызмет еткендерге ғана емес, әскери борышын өтеп жатқан азаматтарға дақұрмет көрсету ниетімен бұл күннің атауы өзгертілді. Бұл ресми іс-шара күні болғанымен, мемлекеттік мейрам санатына жатпайды. 

Қытай

Қытай елінде бұл мереке – Ұлт-азаттық әскердің құрылған күні деп аталады. Жыл сайын 1 тамызда атап өтіледі. 

0 Пікір Кіру