Қымбат қоңырау - на weekend.bugin.kz
Рыскелді ЖАХМАН - на weekend.bugin.kz Рыскелді ЖАХМАН

(қысқа әңгіме)

Жұмыс бөлмесі. Кешкі уақыт. Телефон шырылдады. Тұтқаны еден жуушы көтерді...

Бұл кезде оның бастығы кепілдіктегі өз ұлын құтқаруға кеткен еді. Өзі де ұсталды. Қылмыскерлер оған бір ғана нөмірге телефон шалуға мүмкіндік берді. «Қоңырауыңа жауап берсе, екеуіңді бірге босатамыз» деген-ді. Жұмыс уақытынан соң жиі мазалайтындықтан қызметкерлерінің ешқайсысы оның қоңырауына жауап бермейтін. Ойына біреу оралды.

– Алло...

– ...мәңгілік қарыздармын...

0 Пікір Кіру