Шереметьеводағы қайғылы оқиға. Superjet100 деген қандай ұшақ? - на weekend.bugin.kz
Мирас - на weekend.bugin.kz Мирас

Ұшақтың тарихы жайлы аз-кем мәлімет

Superjet100 авиалайнерінің, Мәскеудегі Шереметьево әуежайына авариялық қонуы кезіндегі шыққан өрттің салдарынан, 40 тан астам адам көз жұмды. Бұл авиалайнер тарихындағы екінші әуе апаты.

Жеті жыл бұрын, 2012 жылдың мамырында Индонезиядағы RA-97004 тіркеу нөмірі бар Superjet пилоттар мен диспетчерлердің қателіктерінен көрнекі ұшу кезінде құлап, тауға соғылған болатын. Бұл апат техникалық ұшу кезінде орын алып, 45 адамның өліміне қарамастан лайнердің беделіне нұқсан келтірмеді. Себебі, апаттың басты себебі адами фактор болды.

2011 жылдан бастап, Superjet-ті коммерциялық қолдану басталғаннан кейін, соңғы апат қана жолаушыларды тасымалдау бағыттарында орын алды. Ол кеше орын алған жағдай.

Оның себептері туралы айтуға әлі ерте. Тергеу адам факторы, құрылғы ақауы сияқты бірнеше нұсқаны қарастырып жатыр.

"Суперджетті" пайдаланып келе жатқан сегіз жылда бірнеше оқиғалар орын алған. Екеуі БАҚ бетінде жарияланған. 2013 жылы Исландияд, сертификатты алу үшін ұшу кезінде ұшақтың шассиінің жұмыстарында ақаулар орын алған (бұл ұшақ жолаушыларды тасымалдамаса да әлі пайдаланылады). 2018 жылы Якутскіде лайнер ұшу-қону алаңының сыртына шығып кеткен болатын. Бұл ұшақты қалпына келтірілмеді.

Бұл оқиғалардан бөлек, өзге ұшақтар мен секілді, superjet-тер де құстармен соқтығысып, кейбір құрылғылары жұмыс істемей қалады. Алайда бұл жағдайлар апаттарға әкелмейді.

"Суперджет" Ресей үшін имидждік жоба. Себебі бұл Ресейде жобаланып, осы елде құрастырылған ең алғашқы авиалайнер. Қатты үлкен болмаса да сертификат алып, жаппай шығарылымға шыққан. Сол себепті мемлекет оны қолдауға тырысып жатыр.

0 Пікір Кіру