Алтын жолбары жайлы не білесіз? - на weekend.bugin.kz
Гүлмира - на weekend.bugin.kz Гүлмира

Алтын түсті жолбарыс

ХХ ғасырдың бірінші жартысында-ақ алтын түсті жолбарыстар белсенді аң аулау салдарынан бірте-бірте жойыла бастаған. Бұл іс-шараға кедергі болу үшін жануарларды негізінен тұтқында өмір сүруге мәжбүр еткен. Флорида хайуанаттар бағында тұратын әдетте кездесетін жолбарыс түрінің гендік мутациясының нәтижесінде 1983 жылы ерекше, яғни алтын түсті бірінші жолбарыс туылған болатын.

Алтын түсті жолбарыс – жеке түрге жатпайды. Мұндай жыртқыштардың жабайы табиғатта пайда болуы Бенгал жолбарыстарының оқшауланған туыстығының нәтижесі деп айтуға да болады.Бір қарағанда, алтын жолбарыстар әдеттегі туыстарына – Бенгали немесе Амур жолбарыстарына ұқсайтын көрінеді. Алайда, ерекше генетикалық комбинацияларға байланысты, алтын жолбарыс өзге жолбарыстардан үлкен мөлшерде ерекшеленеді. Сонымен қатар, бұл сирек кездесетін жануарлар жүндерінің жұмсақтығымен ерекшеленеді.

Алтын жолбарыстардың тағы бір айырмашылығы – бұл жыртқыштарда басқа өкілдеріне тән қара жолақтардың болмауы болып табылады. Алайда қоректену жағынан  өздерінің басқа туыстарымен, Бенгал жолбарыстары сияқты аңдармен бірдей екен. Олардың қоректері негізінен үлкен жануарлар басым: піл, буфал, жабайы ешкі, жабайы қойлар, сондай-ақ қояндар, түлкілер және маймылдар бодады екен. Жолбарыстар шабуылға қолайлы сәтті ұзақ уақыт бойы бақылай алады.  Оның сезімтал есту және көру қабілеті оған кез келген жағдайда жәбірленушіні сезінуге мүмкіндік береді.  Бұл жануарлар суға түсу арқылы балық секілді теңіз жануарларымен де қоректенеді.

Ерекше бояларының арқасында бұл жолбарыстардың жабайы табиғатта өмір сүруі қиынға соғуда. Әлем бойынша алтын түсті жолбарыстар саны небәрі 30-ды құрайды екен.


0 Пікір Кіру