Алты жасар Нұртілеу Құранды жатқа оқудан миллион теңге жеңіп алды - на weekend.bugin.kz
Alisher - на weekend.bugin.kz Alisher

"Құранның 10 парасын жатқа айту" номинациясында нұр-сұлтандық Нұртілеу Серікұлы жеңімпаз атанып, 1 миллион теңгені жеңіп алды

Қазақстанда Құранды жатқа айту жарысы осымен сегізінші рет ұйымдастырылып отыр. Биылғы сайысқа 6-29 жас аралығындағы қазақстандықтар қатысты. "Құранның 10 парасын жатқа айту" номинациясында нұр-сұлтандық Нұртілеу Серікұлы жеңімпаз атанып, 1 миллион теңгені жеңіп алды.

Жеңімпаздар Алматы қаласында марапатталды. 18 жастағы Ақмал Дауранбекұлы 750 мың теңге, 11 жасар Омар Бауыржанұлы 500 мың теңге жеңіп алды.

Республикалық сайысқа қатысқан Құран оқушыларды Бас мүфти Серікбай қажы Ораз құттықтады.

"Бүгін қазақ халқының рухани өміріндегі айрықша күн. Біздің тәуелсіз елімізде Қасиетті Құранды мәнерлеп оқу және жатқа оқу сайысы сегізінші рет өтті. Әлбетте, Аллах Тағаланың ең үлкен мейірімі ретінде барша адамзатқа берілген Құранға құрмет көрсету — қасиетті парызымыз. Барлығыңызды жан-жүрегіммен осы қуанышты шарамен құттықтаймын және өмірлеріңізді Құранмен нұрландыруға, біздің қариларға қолдау көрсетуге шақырамын. Сондай-ақ, осындай ауқымды, қажетті шараны өткізуге белсенді түрде атсалысқаны үшін барлық діни қызметкерлерге, азаматтарға, жергілкті билікке және басқа да мекемелерге алғыс айтамын", — деді Бас мүфти. 

Сайыста рухани әндер, термелер айтылды. "Өнер қырандары" Құранның отбасы өміріндегі рөлі мен мағынасын түсіндіретін қойылым қойды. 

0 Пікір Кіру