Винни-Пухтың орманы өртенді - на weekend.bugin.kz
Мирас - на weekend.bugin.kz Мирас

Ертегідегі аю есіңізде ме?

29 сәуірде Англиядағы Шығыс Суссекс графтығындағы Эшдаун орманында өрт болды. 

ХХ ғасырда, бұл орманның маңында жазушы Алан Александр Милн өмір сүріп, өзінің ұлы Кристофер Робинмен осы орманда жиі қыдырған. Өзінің атақты "Винни-Пух және бәрі-бәрі-бәрі" деп аталатын ертегісіндегі орманның бейнесін осы Эшдаун орманынан суреттеп алған.

Орманды шарпыған өрт 6 гектар жерге тарап үлгерген. Өртті сөндіруге алты өрт сөндіру көлігі мен цистернадағы сулары бар төрт "лендровер" көлігі қатысқан. 

"Винни-Пух және бәрі-бәрі-бәрі" – қыжым қонжық, ағылшын жазушысы Алан Милннің екі повесінің кейіпкері. 

0 Пікір Кіру