Мамыр айында неше күн демалыс бар? - на weekend.bugin.kz
Қаракөз Амантай - на weekend.bugin.kz Қаракөз Амантай

Мерекелі күндер

Қазақстандықтар мамыр айында 11 күн демалады. Қазақстандықтар 1 мамырда Бірлік күнін, 7 мамырда Отан қорғаушылар және 9 мамырда Жеңіс күнін атап өтетіні белгілі.

Жалпы, мамыр айында 20 жұмыс күні бар. Мерекелі күндерге байланысты ел тұрғындары 1, 7, 9 және 10 мамырда демалады. 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің  85-бабының 3-тармағына сәйкес және жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі 2019 жылғы 4 мамыр сенбідегі демалыс күнін 2019 жылғы 10 мамыр жұмаға ауыстыру туралы Қаулы шығарды. 

Қалған жұмыс күндері қалыпты тәртіпте қала бермек. Айта кетсек, ҚР «Қазақстан Республикасындағы мереке күндері туралы» Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасында ұлттық және мемлекеттік мереке атап өтілетін күндер елдің еңбек заңнамасына сәйкес мерекелік күндер болып саналады.

Мемлекеттік және ұлттық мерекелердің тізіміне жаңа жыл - 1-2 қаңтар, Халықаралық әйелдер күні - 8 наурыз, Наурыз мейрамы - 21-23 наурыз, Қазақстан халқының бірлігі күні - 1 мамыр, Отан қорғаушылар күні - 7 мамыр, Жеңіс күні - 9 мамыр, Астана күні - 6 шілде, ҚР Конституциясы күні - 30 тамыз, Тұңғыш Президент күні - 1 желтоқсан, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні - 16 желтоқсан енеді. Еске сала кетсек, жалпы биыл қазақстандықтар 119 күн демалады. Қазақстандықтар ең көп демалған күндері - наурыз айына (14 күн) келді.

inform.kz

0 Пікір Кіру