«Мен үшін Ержантай жеңімпаз» Димаш Ержанға қатысты пікір білдірді - на weekend.bugin.kz
Қаракөз Амантай - на weekend.bugin.kz Қаракөз Амантай

Қандай пікір білдірді?

Димаш Құдайберген жас әрі талантты әнші Ержан Максимді жүлделі орнымен құттықтап, оған қатысты пікір білдірді.

«Бауырсак бала! Сенің финалда көрсеткен өнеріді тамашалап шықтым. Қазағымның бағына біткен баласың. Жеңісің құтты болсын, Ержантай! Алар асуларың көп болсын. 100 млн нан астам халықтың арасынан 2 - орын алу деген өте үлкен жетістік. Бірінші орынды қыз балаға жігіттік танытып бере салғаның да дұрыс болды. Нағыз джентельмен сондай болады! Барлық қатысқан бүлдіршіндерді құттықтаймын. Бірақ мен үшін Ержантай жеңімпаз!», - деп жазды Димаш Instagram парақшасында.

Естеріңізге салсақ, 26 сәуірде Бірінші арнада "Голос. Дети" шоуының финалы көрсетілді. Дауыс беру қорытындысы бойынша әнші Ержан Максим екінші орынға ие болды.

0 Пікір Кіру