Батыр бабалар - на weekend.bugin.kz
Alfiya - на weekend.bugin.kz Alfiya

Ешкім де, еш нәрсе де ұмытылмайды

«Жеңістің шын иесі жеңіс үшін, жан берген солдаттар ғой шынға келсек» – деп Тұманбай атамыз жырлағандай ел басына күн туғанда елім деп еңіреп, жерім деп жанпида еткен аталарымыз бен бақта бұлбұл, түзде балуан атанған  апаларымыздың мейрамы келді. Қаһарлы да қатулы  күндерді өткізіп, қанды жылдарды артқа тастап,  жеңіске ие болған ел қайраткерлерінің ерен ерлігі ескерусіз қалмағаны аян. Ұлы Жеңіс оңайлықпен келмеді. Көзін құрғатқан аналар, бесіктен белі шықпай әкесінің орнын басқан балалар, жанарында жеңіске деген сенім бар солдаттар мен нәзіктікке арналған қолдарымен қару ұстаған қыздар үшін Жеңіске жету оңай соқпады. Сондай-ақ, өлуге болатын, бірақ  шегінуге бомайтын сұм соғыс кесірінен  жастар- жетім, әйелдер-жесір атанып, соғысқа кеткен ерлерінің артынан қаншама жанар телміргені хақ.

Батыр бабалардың көзсіз ерлігі – Отанға деген ыстық махаббаттарының  айқын көрінісі іспетті. Бүгін де «жеңіс күні келді» деп қуанышпен қарсы аламыз. Мерекелік іс шаралар мен концерттік бағдарламалар қоямыз. Егер жанқияр азаматтер «елім» деп еңселерін биік тұтып, жаудан тайсалмағанда мұның бірі де болмас еді. Бүгінде соғысқа қатысқан әр ардагердің ерен ерліктері алты Алашқа мәшһүр. Өкініштісі,қазіргі таңда  соғыс көргендер саны сирек. Ілуде біреу.  Ұлы жеңіске 72 жыл деп масаттанып, марқайып қаламыз. Алайда, жыл өткен сайын ардагерлерден көз жазып қалатынымыз тағы бар.

«Қырық жыл қырғын болса да, ажалы жеткен өледі» деген бар емес пе?  « Ашынған жолбарыс өлімнен қорықпайды» деген тәмсіл де қан майданды көздерімен көріп, еті үйренген соғыс ардагерлеріне арналғандай. Қанша дегенмен, тілегі де, тілеуі де бір жан жолдастарының көз алдарында өлім құшуы олардың өмір сүруге деген үміттерін үдеткен, «жаудан жолдастың кегін аламын» деген серт алға ұмтылдырған секілді.

Қырғын қырқыста болашақ үшін қолы мен аяғынан айрылып келген азаматтар мен жерім деп  жанын қиған бабаларымызға алғысымыз шексіз. Мен соғыс көрген ата, апаларымыздың заманында туғаныма қуанамын! Олар бізге  өздерінің бастан кешкенін емес, жолдастарының  батылдығын, ел үшін басын бәйгеге тіккендердің  ерен ерлігін айтуымен болады.  Өз ерлігі ескерусіз қалса да бәрібір, достарының жан қияр бейнесі тарихтан өшпегендігін қалайды.

0 Пікір Кіру