«Өз ойым» жобасына қатысты мәселелер туралы - на weekend.bugin.kz
Қанат Ерполат - на weekend.bugin.kz Қанат Ерполат

«Өз ойым» туралы өз ойым

«Әркімнің өз ойы бар». Иә, бұл сөз нарықтық экономикалы елде бейбіт өмір сүріп жатқандықтан, бізге, біздің қоғамға қажет құбылыс шығар, алайда осы бір сөздің астарындақоғамды сасытатын "Мен" деген ұғым жасырынып жатыр.

Бұл «Мен» –

«Мен мен едім, мен едім

Мен Нарында жүргенде

Еңіреп жүрген ер едім» деген Махамбеттердің «мені» емес, Жиембеттердің «мені» емес. Бұл бөлек «мен». Ол қалай?! Мысалы, ата-анасы баласына дұрыс ақыл берсе, баласы оған құлақ аспайды, себебі оның өз ойы бар. Астарында «менікі дұрыс», «тек мен», «мен ше?» деген түсініктер жатыр. Ал әр адам осылай ойланатын болса, әркім өз ойына жүгіне беретін болса, біз кемел мемлекетке айнала алмаймыз, елден бірлік кетеді, құт қашады.

Кімнен өз ойын сұрауға болады? Оқыған-тоқыған, көпті көрген, өмірден түйгені бар, ауызы дуалы ақсақалдан, кемеңгер тұлғалардан ақыл сұрауға, өз ойын білуге болады. Ал енді ойлап қараңызшы. Қызтекелердің, ақша үшін қыздығын сататын арсыздардың, альфонстардың, жынысын ауыстырған қазақ жігіттерінің ойы мына қазақ қоғамына қажет пе? Ұлттық болмысымыз, тектілігіміз қайда қалды?

Әлде бұл жобаның буыны қатаймаған, ақылы толыспаған жігіттер мен қыздарды экран алдына шығаруы жастар жылына жасаған жұмысы ма?!

Н.Ә.Назарбаев бір сөзінде «Кез келген ел өз келешегін болашақ ұрпағымен байланыстырады» деген еді. Болашақ ұрпаққа беріп жатқан тәлім-тәрбиеміз осы ма?! Кеш болмай тұрғанда ойланған жөн.


0 Пікір Кіру