Ертіс – Қазақстандағы ең ұзын жағалау болмақ - на weekend.bugin.kz
Alisher - на weekend.bugin.kz Alisher

Павлодар әкімдігі Ертістің шын көркеюіне біршама жұмыс жоспарлаған

Павлодардың туристік потенциалы басым Ертіс өзенінің жағасында субұрқақтар қалпына келтіріліп, жарықшамдар орнатылып жатыр. Павлодар әкімдігі Ертістің шын көркеюіне біршама жұмыс жоспарлаған.

Өзен жағасында гүлзарлар пайда болады. Жағалаудың ұзындығы 2019 жылы 2 жарым шақырымға ұзарады. Жөндеу жұмыстары демеушілердің қаражатынан жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, Ертіс жағасында заманауи коммуникациялық инфрақұрылымдар пайда болады. Биыл Орталық жағалауды жаңартуға Павлодар әкімдігі 200 миллион теңге бөлген. Қаржының көбі жөндеу жұмыстары мен абаттандыру ісіне жұмсалады. Ертіс жағасының эстетикалық келбетіне баса мән берілмек.

"Ертістің жағасы көрікті болуы тиіс. Жасыл желекті көбейтуге назар аудару керек. Жоғарыдан қарағанда Ертістің айналасы алақанға салғандай көрінуі қала үшін өте маңызды. Бұл – ғажайып табиғаты бар таңғажайып жер. Сондықтан оның эстетикалық келбеті мен заман ағымына сай безендірілуіне баса мән берілгенін қалаймыз", - дейді биолог Елена Пономарева. 

"Орталық жағалауда телефонды қуаттау порттары, тегін сымсыз интернет жүйесі орнатылады. Жобаны жүзеге асыру үшін баламалы энергия көздерін іске қосамыз. Мысалы, қолай үшін күн батареяларын қолданатын боламыз", - дейді мердігер ұйымның басшысы Сергей Тычинин.

Орталық жағалау екі бағытта ұзартылады. Ертістің бойын теміржол өткелінен бастап Усолка өзеніне дейін жаңарту жоспарланған. Жағалауға жүргізіліп жатқан кешенді жөндеу жұмыстары экологияға да оң әсерін береді.

0 Пікір Кіру