Шолпан Елгезекова – xалық таныған әртіс - на weekend.bugin.kz
Гүлмира - на weekend.bugin.kz Гүлмира

Халық қалаған әртіс

Шолпан Елгезекова – Қазақстандық актриса «Жараланған жүректер", "Айман-Шолпан", "Анашым, мені қалдырма" телехикаялары мен "Шабдалы" фильміне түскен. Біз бүгін театр және кино әртісі жайлы бүгін сөз қозғамақпыз. Ол 1973 жылы 12 наурызда Алматыда дүниеге келген. 1989 жылы №45 орта мектепті тәмамдап, 1995 жылы Темірбек Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясына оқуға түседі.

2008-2014 жылдар аралығында Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры сахнасында еңбек етіп, бірқатар рөлді сомдады. Шолпан Елгезекова 2017 жылы "Шабдалы" көркем фильмінде басты кейіпкер рөлінде ойнап,жұрттың ерекше ықыласына бөленді.Аталған кинокартина "Асыл арна" телеарнасының төл өнімі болып табылады.Бұған қоса, "Жараланған жүректер" (2017 жыл), "Айман-Шолпан", "Анашым, мені қалдырма"  телехикаяларында ойнады.

2014 жылы "Ра-Да" атты қуыршақ театрын құрып, өзі жетекшілік еткен.45 жастағы актриса 2018 жылы 29 желтоқсанында Алматыда жол апатынан қаза болды. Жол-көлік оқиғасы Абай мен Сейфуллин даңғылдарының қиылысында болған.

Ашық дереккөздерге сүйенсек, марқұмның артында бір қызы қалды.

Жалпы куәгерлердің айтуынша, Gelandewagen бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кетіп, басқа көлікке соқтығысқан, содан кейін оқиға орнынан қашып кеткен.Қазіргі таңда ол уақытша ұстау абақтысында отыр.

Адам өліміне әкелген жол апатын жасау (345-бабының 3-бөлігі) және жол-көлік оқиғасы болған жерден қашып кету (347-бап) фактісі бойынша алдын ала тергеу басталды, сараптама жасалып жатыр. Күдікті бес жылға дейін бас бостандығынан айырылып, ірі көлемде айыппұл төлеуі мүмкін деген шешімге келген.Осылай xалықтың алдына өзін таныта білген,жарық жұлдыз Шолпан xаным мәңгілік өмірмен қош айтысты…

0 Пікір Кіру