"Қоқыстан табылған миллионер қыз" не туралы? - на weekend.bugin.kz
Арайлым Серікова - на weekend.bugin.kz Арайлым Серікова

Не туралы?

Кеше ғана "Меломан" кітап дүкенінде продюсер Зарина Муслимнің редакторлығымен жазылған Ұлдана Ерқасымның "Қоқыстан табылған миллионер қыз" ("Миллионерша из мусорки") атты кітабының тұсаукесері болып өтті. 3 тілде жарық көрген еңбекте 22 жылдық қиын да қилы тағдыр баяндалған.

"Қоқыстан табылған миллионер қыз".

Атауының өзі адамды еріксіз оқуға тартатын кітап. Тек кітап қана емес, қағаз бетіне жазылған кино іспетті. Тағдырдың тартысында талай соқпақты басып өтіп, кедергілерді бұзып, мұзды жарып шыққан гүл, басты кейіпкер – Ұлдана есімді ару. Қилы тағдырын кітапқа түсірген ару бұл еңбегін жазуда шынайылықты мақсат тұтады.

Өмірдің тəтті шақтарын көруге ұмтылуға, адамдардың қазір киіп жүрген бетпердесін шешіп, шынайы келбетін көрсетуге үндейтін кітаптың бас редакторы – белгілі продюсер, сценарист Зарина Мүслім. Оның айтуынша, бұл кітап – əлемдік бестселлерге айналатын кітап. Автор Ұлдана Ерқасымқызы қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жарық көрген туындының желісімен заманауи бағыттағы киноның сценарийының да жазылып жатқанын атап өтті. Санаға серпін əкелген "Қоқыстан табылған миллионер қыз" кітабының оқырмандарының көп болатынына сенімдіміз!

1 Пікір Кіру