Сіз білесіз бе? - на weekend.bugin.kz
Жанерке Халиуллина Утегeновна - на weekend.bugin.kz Жанерке Халиуллина Утегeновна

Табысқа бастар ең тиімді жол – өзіңізге ұнайтын істі табу және жан-тәніңмен берілу Әлемдегі ең бай адамдардың бірі Лакшми Миттал Ахмадабадтағы Үнді менеджменті институтының студенттерімен өткен кездесуінде өзінің Қазақстанда ашқан бизнесінің тарихымен бөлісті. «Біз 1995 жылы Теміртаудағы 34 мың жұмыс жасайтын «Кармет» өнеркәсібін сатып алдық. Сол кезде бұл елде қыста қырық градус аяз, жазда қырық градус аптап ыстық болатынын білген жоқпыз», - деді магнат. «Болат құятын зауытты сатып алмақ болғанымызда, басшысы жоқ қалаға келгендей күй кештік. Теміртаудың қала мәртебесі болса да, бірақ су мен электр жарығы жоқ болатын», - деп таңданады ол. Сондықтан алғашқы күні пальтосын шешпей ұйықтап, шелектегі сумен беті-қолын жууға тура келгенін жасырмады. «Біз Қазақстанда зауыт сатып аламыз дегенде есінен ауысып кеткен шығар деп ойлағандар да болған...», - деп еске алады Миттал. Ешбір қиындықтарға қарамастан, бұл өндірістің соншалықты дамып кететініне Лакшми Митталдың өзі ғана сенсе керек. Әлемдегі ең бай адамдардың бірі Лакшми Миттал Ахмадабадтағы Үнді менеджменті институтының студенттерімен өткен кездесуінде өзінің Қазақстанда ашқан бизнесінің тарихымен бөлісті. «Біз 1995 жылы Теміртаудағы 34 мың жұмыс жасайтын «Кармет» өнеркәсібін сатып алдық. Сол кезде бұл елде қыста қырық градус аяз, жазда қырық градус аптап ыстық болатынын білген жоқпыз», - деді магнат. «Болат құятын зауытты сатып алмақ болғанымызда, басшысы жоқ қалаға келгендей күй кештік. Теміртаудың қала мәртебесі болса да, бірақ су мен электр жарығы жоқ болатын», - деп таңданады ол. Сондықтан алғашқы күні пальтосын шешпей ұйықтап, шелектегі сумен беті-қолын жууға тура келгенін жасырмады. «Біз Қазақстанда зауыт сатып аламыз дегенде есінен ауысып кеткен шығар деп ойлағандар да болған...», - деп еске алады Миттал. Ешбір қиындықтарға қарамастан, бұл өндірістің соншалықты дамып кететініне Лакшми Митталдың өзі ғана сенсе керек.

Табыс туралы армандаған адамның алғашқы қадамы қандай болуы керек? «Дәмін татыңыз!», содан кейін шын мәнінде жаныңыз қалаған салаға тоқталу қиын емес.

Табысқа бастар ең тиімді жол – өзіңізге ұнайтын істі табу және жан-тәніңмен берілу. Өзіңізге ұнамайтын, бірақ амалсыз істеп жүрген жұмыстан алып жүрген жалақыдан айырылып қалғысы келмейтін адамдар қаншама?! Сіз де солардың бірісіз бе? Онда жүрегіңіздің қалауын орындауға тым кеш емес. Жақсы көріп, ләззат алып ыждағатпен атқарған жұмысыңыз сізді байлыққа көміп тастамаса да рухани бай болатыныңызға сенімді болыңыз. 

Мүмкін, сіз ас әзірлеуді жаныңыз сүйетін шығар, мүмкін билесеңіз көңіліңіз көтерілетін болар? Бәлкім, табиғатта серуендегенді жаныңыз қалай ма? Осының барлығынан тың идея табуға болады. Бірден болмаса да кішігірім етіп бизнес бастауға болады және оны ұлғайту да сіздің еңбекқорлығыңызға байланысты. Ас әзірлеуді жаныңыз қалайды делік, осы салаға аса қатты қызығасыз. Ендеше, мейрамхана бизнесі жайында білім алғаныңыз сізге көп пайда әкеледі. Билеуді жаныңыз қалап тұрса, би үйірмелерінен бастап, арнайы мектептер де ашуға болады.

Ең басты он ереже бойынша жұмыс істей алсаңыз, мақсатыңызға қол жеткізу де жылдамырақ, кедергілері де аз болады. Бастысы – қалаған табысыңызға аз уақытта оңай әрі шаршамай қол жеткізе аласыз:

1. Өзіңнің қолыңнан келетін дүниені өзгеден сұрау – ақымақтық

2. Өз қателігіңнен сабақ ал, мойында және алға қарай қадам басуды жалғастыр

3. Табысқа жету жолында кедергі көп болған сайын табыстың дәмі де соғұрлым тәтті болады 4. Ақша – еркіндік, ал еркіндік – өмір, еркін өмір сүруге талпыныңыз.

5. Адам өзін жақсы жағынан өзгертуге күш жұмсағанда ғана өзінің айналасын өзгерте алады.

6. Әрқашан табысты болашағыңды ойла және бүгіннен бастап, сол табысқа жету үшін әрекет жаса. 7. Мақсат – өмірдің мәні

8. Өмірде барлығы жайдан жай бола бермейді. Біреу табысқа жеткен болса, онда ол көп еңбектенген.

9. Әрекет жасамай, құр жоспарлау ол – арман. Ал жоспарсыз әрекет ету ақымақтық.

10. Аз сауда жаса, бірақ, ең жақсысын сатып ал. Жер бетінде қанша адам болса, сонша пікір бар. 

Сондықтан жанашырларыңыздың пікірімен санасу керек, бірақ, кім не айтса да бас шұлғып келісе кетуге де болмайды. Өйткені, біреу сізге өзіңді қалай ұстау керектігін, нені оқып, нені оқымау керектігін және жейтін тағамдарыңа дейін, ақшаны қалай жұмсау керектігін «үйретіп» жатса сіздің жаныңыздың қалауы бойынша емес, өзгенің қалауымен өмір сүрген болып шыға келесіз.

Егер айналаңыздағы адамдар сіздің ойыңызды өзгерткісі келсе, ойға алған мақсатыңызды ашық түрде келеке ете бастаса, оған позитивті түрде қараңыз. Ағысқа қарсы жүру қаншалықты қиын болса да табысты адамдардың өмірі де осындай жағдайдан бастау алғанын еске алыңыз.



0 Пікір Кіру