Жаңылмай таңдап, кәсіп қыл - на weekend.bugin.kz
Ақбота Абайқызы - на weekend.bugin.kz Ақбота Абайқызы

Өмірде ең бірінші – мамандықты, сосын өмірлік жарды дұрыс, жаңылмай таңдау керек


Үлкен кісілердің көбі «Дүниеде ең бірінші – мамандықты, сосын өмірлік жарды дұрыс, жаңылмай таңдау керек» деп айтып жатады. Бұл – қай жағынан қарасаң да, өте дұрыс тұжырым. Қазіргі таңда әлемде 40 мыңнан астам мамандық бар. Кез келген кәсіптің көзін тапқан маман болғандықтан, мамандықты тізімге кіргізеді. 40 мың мамандықтың барлығындада маман бар, бірақ коэффициент белгілі бір себептермен бірдей емес.

Алысқа ұзамай-ақ, елімізде кейбір мамандардың көп, ал кей мамандардың жеткіліксіз екендігі мәлім. Мысалға Мемлекетімізде экономист мен заңгерлер өте көп, ал инженерлер, дәрігерлер, технологтар аз. Еліміз осы істі қолына алып, осы кезде мемлекеттік гранттарды аздық көрсетіп тұрған мамндықтарға басқаларынан көп бөледі. Яғни, нақты ғылымдағы пәнді таңдап отырған 11 сынып түлегінің басқаларға қарағанда мемлекеттік грантқа ие болу мүмкіндігі жоғары. Бұл мағұлматты оқушылар 9 сыныптан бастап біле бастайды және 11 сыныпқа барғанда қай салаға баратын нақты біліп, таңдап барады. Жоғарыда айтылғандар бәріне мәлім жәйт. Менің жеке пікірім емес, жыл сайын болып тұратын іс. Үлкен өмірге қадам басқалы тұрған 11 сынып түлегінің мамандық таңдаудағы еркіндігі мен қалауы мені қатты алаңдатады. Түлектердің барлығы да мамандықтарын өз қалауымен ғана таңдамайды. Ата-ананың, қоғамның, мемлекеттің әсерімен көп оқушылар сенімсіздіктен өз армандарын өзгертіп жатады. Бұл дегеніміз мектеп бітірушілердің 4/1 бөлігі оқуын тек гранттарға байланысты таңдайды. Яғни, өз ішінде суретші түлек мемлекет қаржысынан тегін оқуға түскісі келгендіктен басқа салаға бет бұруы мүмкін. 

Сіз бұған қалай қарайсыз? Мен мұны қолдамаймын. Мамандықты адам тек өзі үшін және тек өзіне ғана таңдауы қажет. Ешқандай да мемлекеттік грант сенің қалауыңды өзгерте алмауы тиіс. Сен таңдап отырған мамандықтың хас шебері болсаң, сол саланың нағыз маманы бола білсең ештеңе де маңызды емес. Тіпті ол салада оқитындар елде көп болса да, сен өз–өзіңе сенім артып сол саланы өте жақсы меңгерсең арман-мақсаттарыңа жетесің. Неліктен тек мамандық пен жарды ғана таңдауда қателеспеу керек? Себебі өмірде мінсіз сала мен мінсіз адам болмайды. Таңдап отырған саланы да, адамды да кемшіліктерімен, қиындықтарымен қабылдай білу қажет. Өз таңдауыңды бәрінен биік қоя біл.

0 Пікір Кіру