25 сәуір кинопремьералары - на weekend.bugin.kz
patick - на weekend.bugin.kz patick

Бүгін «Оскарлы» кино жұлдыздары Мэл Гибсон мен Шон Пенннің тандемінен құралған тарихи драманың премьерасы


Бүгін «Оскарлы» кино жұлдыздары Мэл Гибсон мен Шон Пенннің тандемінен құралған тарихи драма, Кира Найтли, Джейсон Кларк және Александр Скарсгард ойнаған әскери драма, шіркеу қызметкерінің азғын әрекетін әшкерелейтін француз картинасы, қылмыскер жасөспірімдер туралы итальян қылмыстық драмасы, оккультизммен айналысқан кішкентай қыз туралы канадалық үрейлі триллер прокатқа шықты. Енді толығырақ.

«Профессор мен есалаң» / «Игры разумов» / «The Professor and the Madman»

Жас шектеуі: 16+

Сюжеті тарихта болған оқиғаға сүйенген. ХІХ ғасырдағы Англия. Оксфорд профессоры Джеймс Мюррей тарихтағы алғашқы ағылшын тілінің сөздігін құруда, ал оның көмекшісі – аса қауіпті қылмыскерлерге арналған психиатриялық клиниканың емделушісі - доктор Уильям Майнор.

Профессорды Мэл Гибсон, есалаңды Шон Пенн ойнайды.

«Зардап» / «Последствия» / «The Aftermath»

Жас шектеуі: 18+

Мелодрама элементтері бар әскери драма. Фильмде Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Германияда болған оқиға баяндалады. Британ әскери шенеунігі Льюис Морган Гамбургтың уақытша мэрі болып тағайындалады. Оның алдында қаланы қайтадан тұрғызу, қирандының бәрін қалыпқа келтіру міндеті тұр. Морган әйелімен бірге бұрынғы жауы - неміс архитекторымен бір шаңырақ астында өмір сүруге мәжбүр болады.

Басты рөлдерде – Кира Найтли, Джейсон Кларк және Александр Скарсгард.

«Құдайдың рақымымен» / «По воле божьей» / «Grâce à Dieu»

Жас шектеуі: 18+

Фильм Лиондағы католик қызметшісі Бернар Прейн туралы шын оқиғаны баяндайды. Ол 2016 жылы балаларға қатысты азғындық жасады деп айыпталған болатын. Картина оқиғалар тарихын хронологиялық ретпен әңгімелейді.

Фильмді түсірген – танымал француз режиссері Франсуа Озон. Бұл картина биылғы Берлин кинофестивалінде әділқазылар гран-приін жеңіп алды.

«Пиранья балалар» / «Пираньи Неаполя» / «The paranza of children»

Жас шектеуі: 18+

Биылғы Берлиналеде сценарий үшін «Күміс аю» алған итальяндық қылмыстық драма.

Сюжет бойынша неаполдік бір топ жасөспірім табысқа оңай жетуді көздейді. Олар қалағаныңа қол жеткізудің жалғыз жолы жергілікті мафиозиге жұмыс істеу деп түсінеді. Айтылған бұрықты орындау үшін қаруланған жасөспірімдер Неаполь көшесіне шығады.

«Пайвакет» / «Злой дух» / «Pyewacket»

Жас шектеуі: 18+

Канадада түсірілге үрейлі триллер. Сюжет отағасынан айырылған ана мен оның жасөспірім қызы төңірегінде өрбиді. Үйдегі қайғылы оқиғадан кейін екеуінің ортақ тіл табуы қиындап кетеді. Ана ахуалды өзгерткісі келіп орманда бөлек тұрған үйге көшеді. Бірақ қыз оккультизммен айналысып, зұлым аруақтарды шақыруға әуестенеді. Кезекті ұрыстан кейін қыз аруақ шақыратын рәсімді жасап, анасын өлтіруді сұрайды. Ертесіне бұл ойынан айнып қалғанымен, орманнан келген тылсым күш олардың үйіне кіріп кеткен еді.

Сонымен қатар 27 сәуірде «Большое путешествие» деген ресейлік мультфильм шығады.


0 Пікір Кіру