Батырхан Шүкенов өнер әлемінде қайта тірілді - на weekend.bugin.kz
Қаракөз Амантай - на weekend.bugin.kz Қаракөз Амантай

Қазақстан бойынша Шүкеновтің әндерін орындайтын жалғыз әнші

Бұдан былай Батырхан Шүкеновтің әндерін белгілі күйші Асылбек Енсеповтің інісі Сырымтай Енсепов орындайтын болады. Батырхан Шүкеновтің анасы Длара Раимбердиева баласының әндерін орындауға Сырымтай Енсеповті лайықты деп танып, оған ақ батасын берді.

Ресейден Қазақстанға ұшып келген Длара Раимбердиева Батырхан Шүкеновтің әндерін Сырымтай Еңсеповтің орындауына қағаз жүзінде келісімін берді. Сырымтай Еңсепов - Батырхан Шүкеновтің шәкірті.

Сырымтай нәзік және әсерлі дауысқа ие талантты әнші. Дарынды адамдардың отбасында тәрбиеленген ол - бала кезінен шығармашылық аураны бойына сіңіріп, өзінің вокалдық қабілетін дамыта отырып өсті. Сырым - Асылбек Еңсеповтің інісі, сонымен бірге қазақтың ұлттық мәдениетіне өзінің еңбегін сіңірген әнші. Оның репертуарында адамның жүрегін елжіретіп, ерекше әсер сыйлайтын лирикалық әндер, сонымен қатар заман талабына сай жарық көрген заманауи хит әндері де бар.  Ол қазақ тілімен қатар орыс және ағылшын тілдерінде де ән салады.

Ол Батырхан Шүкеновтің әндерін орындауға рұқсат алған Қазақстандағы жалғыз әнші. Батырхан Шүкеновтің анасы Сырымтайға баласының әндерін орындауға рұқсаты мен ақ батасын берді. 

"Келісім

Мен Раимбердиева Длара 1937 жылдың 1 сәуірінде Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келдім. 1987 жылдың 13 тамызында дүниеге келген Сырым Енсеповке Батырхан Шукеновтің әндерін орындауға рұқсатымды беремін.

Атап айтатын болсам:

- Туындыны көпшілік алдында орындауға;

- Әндерін қайта жаздыруға;

- Әндерді кез келген тәсілмен және кез келген дыбыстық тасығыштарда жазуға;

- Аранжирлеу арқылы жұмысты қайта өңдеуге;

- Туындыны кез келген уақытта жарыққа шығаруға келісімімді беремін. 

Мен берген келісімді қандай да бір жеке мүліктік немесе мүліктік емес жағдайда бұзбауға және нұқсан келтірмеуге тиіс.

Енсепов орындаушы ретінде туындыны жарыққа шығарған уақытта автордың атын көрсетіп, авторлық құқықты қатаң сақтауы тиіс.

ҚР "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" заңының 4.8-бабына сәйкес, мен осы келісімнің мәтінін нотариус орыс тілінде басып шығаруын сұраймын. Орыс тілін еркін меңгергенмін. Сондықтан аудармашыға мұқтаж емеспін", - делінген Длара Раимбердиеваның келісімінде. 

0 Пікір Кіру