Қарттар саны бүлдіршіндер санынан көп - на weekend.bugin.kz
Мирас - на weekend.bugin.kz Мирас

Әлем қайда бара жатыр?

Адамзат тарихында алғаш рет, қарттар саны, бүлдіршіндерден көп болып шықты. Бұл біз үшін және ғаламшарымыздың болашағы үшін қандай белгі?

БҰҰ ның мәліметтерінше, 2018 жылы 65 жастан асқандар саны, 5 жастан кіші балалар санынан асып түсті. Жер бетінде қазір 705 млн адамның жасы 65-тен асса, 5 жасқа толмаған бүлдіршіндер саны 680 млн. Бұл тенденция 2050 жылы айырмашылық одан сайын ұлғайып, 5-ке толмаған әр балапанға, 65 жастан асқан екі қариядан келетін болады.

Демографтар бұл үрдісті ертеден назарларында ұстап, бақылауда. Көп елдерде адамдардың өмір сүру ұзақтығы өсіп жатса да, алайда, бала туу көрсеткіші азайып барады.

"Келушілер" саны аз

Вашингтон университетінің денсаулық жағдайын бағалау институтының директоры Кристофер Маррей былай дейді: "Балалар саны өте аз болып, 65 жастан асқандар саны өте көп болады. Бұл әлемдік қауымдастықты қалыпты жағдайда ұстап тұруды қиынға соқтырады". 

Маррей 2018 жылғы баяндаманың авторы. Баяндамаға сәйкес әлемдегі елдердің жартысы – "туу банкроттығына" ұшырайды. Оның ойынша белгілі бір мемлекеттің халқының деңгейін қолдап тұру үшін, туылған балалар саны жеткіліксіз болады. 

"Аталар мен әжелер саны, немерелерінен көп қоғамға қандай қиын әлеуметтік және экономикалық қауіптердің төніп тұрғанын ойлап көріңізші", - деп қосады ол.

Әлемдік Банк мәліметтеріне сүйенсек, 1960 жылы әлемдегі туу коэффициенті - әр әйелге бес баладан келетін. 60 жылға жуық уақыт өткесін бұл көрсеткіш – 2.4 болып, екі есеге қысқарған.

Десе де, қоғамдық-экономикалық даму, біздің заманымызда туғандарға септігін тигізуде. 1960 жылы адамдар орташа есеппен 52 жастан сәл ұзақ өмір сүрген болса, қазіргі өмір сүру ұзақтығы 2017 жылы 72 жасқа дейін өскен.

Бұл дегеніміз, біз қартайған сайын біз пайдаланатын ресурстар саны күннен күнге өсіп келеді. Зейнетақы жүйесі мен денсаулық жүйесіне қысым артып келеді.

Қартайып келе жатқан халық

Қартаю мәселесі дамыған елдерде өзекті болып тұр. Ол жерде туу көрсеткіші аз, оның себебі негізінен экономикада: балалар өлімінің деңгейі төмен, тууды бақылау құралдары бәріне қолжетімді, ал баланы өсіру мен тәрбиелеу – өте қымбат.

Бұндай елдерде әйелдер кеш туып, сол себепті олардағы балалар саны аз.

Өмір сүру көрсеткіштерінің жоғары болуы, адамдардың ұзақ өмір сүретінінің дәлелі. Халқының өмір сүру деңгейі ең жоғары ел – Жапония. Бұл елдің адамдары орта есеппен, кемінде 84 жас өмір сүреді. Халқының 27 пайызын 65 жастан асқан қариялар құрайды. Бұл екі деңгей, әлем бойынша ең жоғары көрсеткіштер болып табылады.

Жапониядағы 5 жастан кіші бүлдіршіндер саны қандай? БҰҰ мәліметінше, 3,85%.

Ерекшелікті көріп тұрсыз ба?

Бұл екі көрсеткіш те, Жапония үкіметінің бас ауруына айналған. Сол себепті, өткен жылы, ел үкіметі зейнетке шығу уақытын 65 жастан 70 жасқа дейін ұзартуды ойлап отыр. Егер бұл жүзеге асатын болса, Жапония, бұл көрсеткіш бойынша да, әлемде бірінші орынды алатын болады.

Біз айтып отырған дисбаланс, дамушы елдерге де қауіп төндіруде. Қытайдағы қарттар саны, Жапониядағыдан аз – 10,6% құрайды. Алайда, 1970 жылдары енгізілген, балалардың тууын қадағалаудың қатаң талаптарының арқасында, туу коэффиценті, әр әйелге орта есеппен 1,6 баланы құрайды.

Құрлықтық Қытайдағы 5-ке толмаған бүлдіршіндер саны 6% құрайды.

Балалар саны өмір сапасына қарсы

Туу көрсеткіші жоғары мемлекеттер арасында, Африка елдері алдыңғы орындарда.

Мысалы, Нигер - "әлемдегі ең көп фертильді мемлекет". 2017 жылы, ол мемлекетте әр әйелге 7,2 бала туу келетін.

Алайда, бұл мемлекеттерде - бала өлімі өте жоғары. Нигерде - әр мың балаға, 85 өлімнен келеді. Бұл әлемдегі жоғарғы көрсеткіштердің бірі.

Өсім коэффиценті

Демографтар үшін 2,1 саны - магиялық болып табылады. Халықтың өзін-өзі өсіп өндіруі үшін, осы сан жеткілікті саналады.

БҰҰ ең жаңа мәліметтеріне сүйенсек, әлемдегі барлық мемлекеттердің, жартысынан сәл көбі ғана - 113 мемлекет осы талапқа жауап береді.

Зерттеушілер, бала өлімі жоғары және өмір сүру ұзақтылығы төмен мемлекеттерге, 2,3 коэффиценті керектігін айтады. Бұл көрсеткішке, тек 99 мемлекет жеткен.

Туу көрсеткіші төмендегеннен кейін, әлем халқының жалпы саны өскенімен, көптеген елдердегі халық саны азаяды. 2024 жылы, әлемдегі халық саны - 8 млрд - қа жетеді деп болжанып отыр.

Жағдай төмен мемлекеттердің бірі - Ресей. Туу коэффиценті - әр әйелге 1,75 баладан келеді. Соның салдарынан, он жылдардан кейін, халық саны күрт азаюы мүмкін. БҰҰ - ның есебінше, 2050 жылы Ресей халқы, 143 млн - нан 132 - млн - ға дейін түседі.

Экономикаға әсері

Халық санының өсуі немесе азаюы, бұл ең алдымен, жұмысшылардың азаюы. Ол өз кезегінде өнімділіктің азайып, ақыр соңында экономикалық өсімнің баяулауына әкеледі. Өткен жылдың қараша айында, ХВҚ (Халықаралық валюта қоры), халқының қартаюына байланысты, Жапония экономикасы алдағы 40 жылда 25% пайызға төмендеуі мүмкін.

"Демографиялық жағдай біздің өміріміздің барлық аспектілеріне әсер етеді", - дейді халық қартаюы бойынша Оксфорд институтының директоры Джордж Лисон. Әлем халқының күрт қартаюынан шығатын экономикалық эффектерді жеңуіге технология көмектесе ме?

Отбасы және саясат

Мамандар келесі шешімге келді: үкімет, "қартаю бомбасының" сағаттарын тоқтату үшін барынша әрекет жасауы керек.

Қытай, 2015 жылы "бір бала саясатын" қайта қарап, 2018 жылы, жақын арада, бұл шектеулердің жойылатынын білдірді. Қытай компартиясының ресми басылымы "Жэньминь жибао" газетіндегі мақалаға сәйкес, баланың туылуы – "бұл отбасылық және мемлекеттік іс". 

Шектеулердің жойылуы, тығырықтан шығара ма, жоқ па, белгісіз. Себебі, 2018 жылы Қытайда 15,2 млн бала дүние есігін ашқан. Бұл соңғы 60 жылда орын алып отқан, ең төмен көрсеткіш.

Қытай ғалымдары, бала тууының төмендігін, бала туа алатын жастағы әйелдердің азаюымен, сондай-ақ, қаржылық мәселелер бойынша, бала тууды кейінге қалдыратын жас отбасылармен байланыстырады. Әсіресе, жас отбасылардағы, жоғары білім алған әйелдер, қоғамдағы дәстүрлі рөлін ойнағысы келмейді, яғни, бала туып, оны тәрбиелеп, үйде отыруды құптамайды.

Деннің саулығы

Мамандардың айтуынша, мемлекеттегі халықтың қартаюын тежеу үшін, қарт адамдардың денсаулығын қамтамасыз ету керек. Дені сау адамдар, көп уақыт жұмыс істей алады, сондай-ақ, медициналық қызметтерге кететін қаражатты үнемдейді. Сондай-ақ, Халықаралық еңбең ұйымының мамандарының айтуынша, әйелдер еркектермен қатар жұмыс істейтін елдердің экономикасы күйзеліске сирек ұшырайды. Жұмыс күшінде әйелдер үлесі көп болғанына байланысты, экономиканың тұрақтылығы да өседі. Ғалымдардың бұл ұсыныстары көмектесе ме екен? Уақыт өтіп барады.

0 Пікір Кіру