Менің таңдауым – ҚазҰУ - на weekend.bugin.kz
Dosbol Atazhan - на weekend.bugin.kz Dosbol Atazhan

Сіз де дұрыс таңдау жасаңыз!

Өмірде мамандық пен жар таңдаудан қателеспеу керек. Дегенмен мақсатыңа адастырмай жеткізер жоғары оқу орнының маңызы кем емес. Сіз де дұрыс таңдау жасаңыз!

Егер даму жолындағы мемлекетімізді өсіп келе жатқан баланың ағзасына теңесек, меніңше, журналисттер оның көзі мен құлағы. Себебі жас бала өмірдің қуанышты сыңғыры мен мұңлы үнін құлағымен естіп, дүниенің ағы мен қарасын көзі арқылы танып біледі. Ал халыққа әлемнің қайнаған тіршілігінен, мың құбылған дүбірлі дүниеден, небір алпауыт апаттардың ошағынан радиомен құлақтандырып, газетпен таратып, көгілдір экраннан хабар беретін төртінші билік иелері. Мен өз ұлтым мен мемлекетімді шексіз сүйемін және елбасымыз Н.Ә. Назарбаев айтқандай «Мәңгілік ел» болғанын қалаймын. Бұл жолда мен өз үлесімді журналистиканың кірпіші болып қалану арқылы қоса алатынымды түсіндім. Өйткені адамның тұлға болып қалыптасуына көріп, естігені қаншалықты маңызды болса, саналы тәуелсіз қоғамның қалыптасуына БАҚ өкілдері соншалық ауқымды орын алады. Халыққа керекті ақпаратты жеткізіп, тәлімді бағдарлама, сапалы сын арқылы ел арасының кетігін жамап, іргесін бекітуге бекіндім.

Мүмкіндігі шектеулі жандардың меңіреу тыныштық пен қараңғы түнекте өмір сүретіні белгілі әрі өкінішті. Сол секілді журналистикасы артта қалған не бәзде біреулердің құралына айналған мемлекеттерді де дәл сондай меңіреу мен түнек басатын тарих беттері мен заман келбетінен білеміз. Алдына айқын мақсат қойған еліміздің көздерін мұндай шел баспауын қадағалап, медиажурналистиканы жаһандық бәсекеге сай деңгейге көтергім келеді. Сонда мемлекетімізде сенімді болашаққа нық қадам басады. Бұл менің журналистиканы таңдаудағы мақсаттарымның бірі. Ең алғаш алдыма осы мақсатты қойып, журналист болуға аңсарым ауған кез бесінші сынып болатын. Сол сәттен бұл мамандықтың шыңына шығып, мақсатымды орындау үшін қажырлы қайрат пен терең білім керектігін ұқтым. Сондықтан дәл осы сәтте менің таңдауым журналистиканың қара шаңырағы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ болды. Бұл жоғарғы оқу орнында білікті де білімді мамандардан білім алып, заманауи жабдықталған теле, радиостудияларда тәжірбиеден өтудемін. Міне, мұндай артықшылықтар арқылы мақсат-мүддеме адаспай жететініме сенемін!

0 Пікір Кіру