Уақытты басқаруға арналған 4 кеңес - на weekend.bugin.kz
Nurzhol Tabigat - на weekend.bugin.kz Nurzhol Tabigat

Қалай үлгереміз?

Қазіргі кезде көпшілік үшін уақыт тапшы. Әсіресе, қаланың қайнаған тіршілігі, көлік кептелісі, ақпараттың тым көп болуы сияқты себептермен ненің маңызды, ненің маңызсыз екенін анықтау қиын болып кетті.

Сонымен, өзім іске асырып жүрген уақытты басқару тәсілімен бөлісейін.

1) Істеу керек жұмыстардың тізімін жасап алыңыз.

Істейтін жұмыстардың тізімін жасаңыз. Тапсырмалар басыңызда емес, көз алдыңызда тұрса, олар ұмытылмайды. Есіңізге түскен ірілі-ұсақ жұмыстардың барлығын тізімге кіргізіңіз және бұл тізімді күнделікті жаңартып отырыңыз. Яғни, істеліп біткен жұмыстарды тізімнен алып тастайсыз, жаңасын қосасыз, аяқталмаған тапсырмаларды қайта қосасыз.

2) Приоритет қойыңыз.

Тізімнің арасында кейбір жұмыстарды кейінге қалдырсаңыз да ештеңе етпейтін маңыздылығы төмен жұмыстар бар. Әдетте олар оңай істелетін жұмыстар. Сондай тапсырмалармен өзіңізді алдап, соларға бірінші уақыт жұмсап уақытыңызды құртып алмаңыз. Әр тапсырманың алдына приоритет қойыңыз. Әдетте 1, 2, 3 деген сандармен приоритетін белгілесеңіз жеткілікті. Сонымен, алдымен приоритеті жоғары жұмыстарды бітіріңіз. Сол кезде стресстен де құтыласыз. Бірақ, егер 2 минут ғана уақыт алатын жұмыс болса, оны сол кезде істеп тастаңыз, одан ұзақ болса тізімге салып, приоритетке қойыңыз.

3) Концентрация сақтаңыз.

Приоритеті жоғары жұмыс істейтін кезде, өзіңізді алаңдататын әлеуметтік желі, хабарлама, телефон қоңырау сияқты артық дүниелерден аулақ болыңыз.

4) Үлкен тапсырмаларды бөлікке бөліңіз.

Кей тапсырмаларды орындау мүмкін емес сияқты көрінеді. Сондықтан, ондай жұмыстарды орындамас бұрын, жан-жақты қалай орындау керектігін асықпай жоспарлап алыңыз. Үлкен тапсырманы әр бөлімге бөлген соң, әр бөлімді қайта бөліктерге бөліп, кей бөліктерін жауапты адамдарға тапсырсаңыз болады.

0 Пікір Кіру