23 cәуір: Дүниежүзілік кітап күні - на weekend.bugin.kz
patick - на weekend.bugin.kz patick

23 сәуірде Сервантес, Шекспир және Инка Гарсиласо де ла Вега қайтыс болған

23 cәуір - әлемдік әдебиет үшін маңызды күн: 1916 жылы дәл осы күні Сервантес, Шекспир және Инка Гарсиласо де ла Вега қайтыс болды. Бұл күн, сондай-ақ, Морис Дрюон, Х. Лакснесс, Владимир Набоков, Дж. Пла және Мануэль Мехиа Вальехо секілді танымал авторлардың туған немесе қайтыс болған күні.

1995 жылдан бері ЮНЕСКО шешімімен, кітаптар мен авторлардың құрметіне Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күнін құрылды. Осыдан бастап балалар және жасөспірімдер әдебиетінде төзімділік идеалдарын насихаттағаны үшін ЮНЕСКО марапаты беріледі.

Бұл датаны атап өтудегі мақсат - көпшілікті, әсіресе жастарды кітап оқуға шақыру, адамзаттың әлеуметтік және мәдени прогресіне үлес қосқан адамдардың еңбегін бағалауға үйрету.

Биыл әдебиетті және оқуды насихаттау шараларының аясында БҰҰ тарапынан байырғы тұрғындардың тілдерін нығайтудың және қорғаудың маңыздылығына ерекше көңіл бөлінбек. Кітаптар адамзат өркениетінің тарихы туралы білім көзі болып саналады. Сонымен қатар кітаптар бізді түрлі халықтардың мәдениетімен, дүниетанымымен, салт-дәстүрімен және тілдерімен таныстырады. Осы мәселелерді жеткізу үшін Байырғы халық тілдерінің халықаралық жылы да жарияланды.

ЮНЕСКО жыл сайын Дүниежүзілік кітап астанасын таңдайды. Бұл кезең 23 сәуірден басталып, бір жылға созылады. Биылғы таңдау Шарджа қаласына түсіп отыр. "Оқы - сен Шарджадасың" деген ұранмен ұсынылған бағдарламада бес бағыт қарастырылған: инклюзивтілікті қамтамасыз ету, әдебиетке қызығушылықты ынталандыру, ата-баба мұрасы туралы білімді тарату, коммуникацияны нығайту, баспагерлік істі дамыту, балалардың мүддесі мен мұқтажын ескеру. Қалада сөз бостандығына қатысты шара, жас ақындар байқауы, Брайль кітаптарын жасау бойынша семинарлар, басқа да көптеген іс-шара өтеді.

0 Пікір Кіру