Стив Джобстың соңғы сөзі - на weekend.bugin.kz
Dauren Erkin - на weekend.bugin.kz Dauren Erkin

Ол қандай өсиет айтты?

Стив Джобс – америкалық табысты кәсіпкер,өнертапқыш,ақпараттық технология саласының ең үздігі. Apple және Pixar компанияларының директорлар кеңесінің басшысы. Ол 56 жасында асқазан безінің қатерлі ісік дертінен қаза тапты.

Ол өзінің соңғы сөзінде: "Мен іскер адамдардың әлемінде өзгелер жете алмаған шыңдарға шықтым, өзгенің көзімен маған қарағандар менің өмірімді керемет табысты өмірдің үлгісі деп есептеді. Бірақ менің өмірімде жұмыстан басқа қуанышым болған емес. Қысқасын айтқанда байлық менің өмірімнің бір ғана шынайы һәм үйреншікті көрінісі.

Қазір төсек тартып, ауырып жатқанда бүкіл өмірімді көз алдымнан, ой-електен өткізсем, менің бар байлығым мен атақ-даңқым түбінде ажалға бір күні жетелеп апаратын ең жоғарғы өмір шындығының мән-мағынасы жоқ түкке тұрғысыз бірдеңе екенін түсіндім.

Сіз өзіңізге көлігіңізді жүргізетін адамды жалдап алуыңыз мүмкін, сіз үшін еңбек етіп, табыс табатын адамды да жалдап алуға болады. Бірақ сіз өзіңіздің орныңызға сіздің бойыңыздағы ауруды өзіне ала алатын адамды ақшаңызға жалдай алмайсыз. Дүние мен мүлікті сатып алуыңызға болады, бірақ жоғалған өміріңізді ешқашан сатып ала алмайсыз. Өмірді сүйіңіз, бағалаңыз. Басқалармен санасыңыз, сыйласыңыз.

Адам есейген сайын ақылы толысып, парасатты болса түсіп өмірде ненің не екенін түсіне бастайды. 30$ тұратын сағатпен 300$ тұратын сағат екеуі де бірдей уақытты көрсетеді, 30$ тұратын әмиянмен 300$ тұратын әмиянның ішіне де бірдей ақша сияды екен. 150 000$ тұратын көлікпен 30 000$ тұратын көлікпен жолы да, қашықтығы да бірдей жерге жетеміз.

300 не 3000 шаршы  метрлік пәтерде жалғыз тұрсаң, жалғыздығың екеуінде де бірдей. Сіздің ішкі жан дүниеңіз мал-мүлікпен байлықтан нәр алмайды. Сіз бірінші не болмаса бизнес классты ұшақпен ұшыңыз, егер ұшақ құласа барлығы бірге құлайды.

Егер сіздің сөйлесетін достарыңыз я болмаса адамыңыз болса, біліңіз, нағыз бақыт сол. Қарсылықсыз бес шындық:

1) Балаларыңызды бай-бақуатты болсын деп емес, бақытты болуды білсін деп тәрбиелеңіз. Сонда ғана олар өскенде дүниенің емес, әр нәрсенің һәм өмірдің бағасын біліп өседі.

2) Ішетін асыңызды шипалы дәрі деп ішіңіз, олай етпесеңіз асыңыз тек дәріге айналады.

3) Сізді жақсы көретін, сүйетін адамдар сіз қанша керексіз болсаңыз да сізді тастап кетпейді.

4) Адам болу мен адамгершілігі бар болудың үлкен айырмашылығы бар. Қандай жағдай болмасын адамгершілігіңізді биік қойып, оны сақтап қалуға тырысыңыз.

5) Тез жүргіңіз келсе жалғыз жүріңіз, алысқа барғыңыз келсе бірге жүріңіз.

Әлемдегі ең мықты 6 дәрігер

1) Күн сәулесі

2) Демалыс

3) Спорттық жаттығу

4) Өзіңізге деген сенім

5) Диета

6) Достарың

Өмір бойы осылармен бірге бол"деген екен Джобс...


0 Пікір Кіру