Тәжік молдасы: Интернет – ғасыр індеті, обасы - на weekend.bugin.kz
Асхат Қасенғали - на weekend.bugin.kz Асхат Қасенғали

Ол интернет ақысының қымбаттауын қолдап отыр

Тәжік молдасы Эшони Сироджиддин Абдурахмонов YouTube желісіндегі каналына 18 минуттық видео жүктеп, онда түрлі ой білдірген. Соның ішінде ол интернетті "ғасыр індеті, обасы" деп атаған. Ол сондай-ақ мемлекеттің интернет ақысын көтергенін қолдап отыр. "Өз уақыттарыңды босқа жібермеңдер" дейді молда. 

Тәжікстанның антимонополиялық қызметі 2019 жылдың 4 наурызынан бастап 1 мбқа 5 дирамнан төлеуді міндеттеген еді. Ал 18 сәуірден бастап 1 гигабайт интернет $6,3 доллар болды. Бұл бұрынғысынан 50 пайызға қымбат. 

Тәжік молдасы "интернет Тәжікстан үшін көптеген жамандықтар көзі болып табылады" деп санайды. Ол көзге шөп салу, зорлық-зомбылық, қақтығыстар мен патшаға қарсы шығу, бағынбаушылыққа әкелетін жамандық дейді. «Мен қарындастарым мен інілеріме айтарым, интернетте босқа уақыт жібермей, алтын уақытты бағалаңдар дегім келеді", - дейді Эшони Сироджиддин.


0 Пікір Кіру